Өткен аптаны өсіммен аяқтаған мұнай бағасы дүйсенбі күні қайтадан төмендей бастады, мұндай жағдай соңғы екі айда алғашқы рет болып отыр. Бұл жайлы Bloomberg хабардар етті.
ICE Futures лондон биржасында Brent мұнайының наурыз фьючерстері МСК 8:52 таман $0,37-ға (0,74%) – баррелі үшін $49,8 дейін төмендеді. Жұма күні нарық жабылғанда фьючерстер құны $1,9-ға (3,94%) артты да баррелі үшін $50,17 болды.
Сол кезде Нью-йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық саудасында ақпан үшін WTI мұнайының фьючерс бағамы $0,36-ға (0,74%) – баррелі үшін $48,33 дейін түсті. Алдындағы сессия қорытындысы бойынша келісім-шарт $2,44-ға (5,28%), баррелі үшін $48,69 дейін қымбаттады.
Дүйсенбі күні нарықтың әлсіреуіне Ирак елінің мұнай министрі Абдул Карим Луэйбидің мәлімдемесі себеп болды, ол өзінің елінде мұнайдың рекордтық мөлшерлері өндіріліп жатқандығын айтты – тәулігіне 4 млн баррель (б/т).
Оның айтуынша, Ирак осы жылы мұнай экспортын 3,3 млн б/т дейін арттыруды жоспарлайды.
Мұнай өткізуімен айналысатын Ирактың StateOilMarketingOrganization (SOMO) мемлекеттік компаниясының мәліметтері бойынша желтоқсан айында өндіріс көлемі 3,35 млн б/т болған.
"Нарықтың негізгі факторлары өзгеріссіз, - деп атап өтті Сиднейдегі CMC Markets сарапшысы Рик Спунер. – Шикізат жеткізілімдері сұранысты асып түсуде, және өндіруші қуаттарды айтарлықтай қысқартуға қатысты жаңалықтар әзірше жоқ ".
Алдындағы сессия қорытындысы бойынша болған нарық өсіміне Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) 2015 жылғы дүниежүзілік мұнай өндірісінің болжамын төмендетуі себеп болды.
ХЭА Мұнай экспортаушы-елдерінің ұйымына кірмейтін елдердегі мұнай өндірісінің болжамын 350 мың баррель тәулігіне (б/т) - 57,5 млн б/т дейін қысқартты.
Бұл ретте ОПЕК мұнайына деген сұраныс болжамы бұл жылы 300 мың б/т - 29,2 млн б/т дейін жоғарылады, оның жылдың екінші жартысындағы өсімі 29,8 млн б/т, бұл іс жүзінде картельдің ағымдағы үлестемелер деңгейіне сәйкес келеді.
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024