Эталонды мұнай маркалары арзандап келеді, инвесторлар АҚШ қорларының кезекті өсімін күтуде деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
ICE Futures Лондон биржасында Brent мұнайының маусымдық фьючерстері 17:58 АСТ 1,13 долларға (2,09%), барреліне $52,81 дейін арзандады.
Ал аталған уақытта Нью-йорк тауар биржасының (NYMEX) электронды сатылымарында WTI маркасының сәуірлік фьючерстерінің котировкалары 1,22 долларға (2,78%), барреліне $42,66 дейін төмендеді. Бұл келісім-шарт қатарынан алтыншы сессия арзандап келеді және 2009 жылдың көктемінен бері минималды бағамен сатылуда.
Bloomberg сұрастырған аналитиктердің болжамына сүйенсек, АҚШ-тағы мұнайдың тауарлық қорлары соңғы үш онжылдық ішінде өңдеудің максималды көлемдерінің жағдайында өткен аптада 3,3 млн баррельге артып, рекордты жаңартты.
"Штаттардағы өндіріс көрсеткіші нарықтағы басым тақырып болып қала беруде және қарқындардың өсуіне бұрғылау қондырғылары санының қысқаруы да кедергі емес", - деді Energy Aspects аналитигі Амрита Сен.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024