Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мәскеуде мобильді мешіт пайда болады

Мәскеуде мобильді мешіт пайда болады
Мамыр айының соңында намаз оқитын жандар үшін мобильді мешіт жұмысын бастайды. Қызметтің бұл түрін кез келген адам тегін пайданала алады. Бұл жөнінде Lenta.ru тілшілеріне жоба авторларының бірі Айрат Қасымов мәлімдеді. Мобильді мешіт дегеніміз - дәрет алып, намаз оқу үшін жағдай жасалған автобус. Ол залға алты-жеті адамға арналған. Намаз оқитын жер таппаған жағдайда автобуста шақырсаңыз, қалаған жеріңізге келеді. Ол үшін Мобильнаямечеть.рф. сайтына өтініш қалдыру керек. Ақпан айында Мәскеу мүфтиі Ильдар-хазрат Аляутдинов мобильді мешіттің тек балама ғана екендігін ескерткен еді. Яғни, мешіттегідей әсер сыйлай алмауы мүмкін. Әрі ол автобусқа адам сыймай қалуы да мүмкін. Бұл тығыз керек кезде қолданатын қызмет. Мобильді мешітті 2015 жылдың басында Қазанда ойлап тапқан. Сол кезде Boomstarter краудсорсинг порталында қаражат жиналып басталған еді. Жоба 850 мың рубль жинай алды. Қазіргі таңда Мәскеуде 6 мобильді мешіт жұмыс жасайды.

Похожие материалы