Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz - Бүгін ForteBank-тің басқарма төрағасы Талғат Қуанышев қызметінен кетті. Оның орнына Мағжан Әуезов тағайындалды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Талғат Қуанышев аталған банкті 2015 жылдың 28 желтоқсанынан бастап басқарған еді. Мағжан Әуезов мұнымен қатар Kassa Nova банктің директорлар кеңесін басқаратын болды. Бұл банктің басқарма төрағасы болып Шолпан Нұрымбетова тағайындалды. Ол ForteBank-тің басқарма құрамынан шығарылды. Мағжан Әуезовтің банк саласындағы тәжірибесі 19 жыл. Бұған дейін ABN AMRO Bank Kazakhstan, Қазкомменцбанк, БТА банк, Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының басшылығында болған.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024