Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мағжан Әуезов ForteBank-тің басқарма төрағасы болып тағайындалды

Мағжан Әуезов ForteBank-тің басқарма төрағасы болып тағайындалды

Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz - Бүгін ForteBank-тің басқарма төрағасы Талғат Қуанышев қызметінен кетті. Оның орнына Мағжан Әуезов тағайындалды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Талғат Қуанышев аталған банкті 2015 жылдың 28 желтоқсанынан бастап басқарған еді. Мағжан Әуезов мұнымен қатар Kassa Nova банктің директорлар кеңесін басқаратын болды. Бұл банктің басқарма төрағасы болып Шолпан Нұрымбетова тағайындалды. Ол ForteBank-тің басқарма құрамынан шығарылды. Мағжан Әуезовтің банк саласындағы тәжірибесі 19 жыл. Бұған дейін ABN AMRO Bank Kazakhstan, Қазкомменцбанк, БТА банк, Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының басшылығында болған.

Похожие материалы