
Алматы. 1 шілде. 7kun.kz – Маңғыстау облысында 2020 жылы 19,6 млрд теңгеге жел электр станциясын (ЖЭС) іске қосу жоспарланып отыр.
Өңірлік әкімдіктен хабарлағандай, қуаты 42 МВт болатын станция Форт-Шевченко қаласына жақын жерде салынып жатыр.
«Жобаның инвесторы South Wind Power. ЖЭС іске қосылғаннан кейін шамамен 12 жұмыс орны ашылады», - деп толықтырды ведомство.
Естеріңізге сала кетейік, аймақта 782 млн теңгенің қуаты 5 МВт жел станциясы пайдалануға берілді. Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының тұрғындары энергияны тұтынады. Сондай-ақ, әкімдікте облыста күн және жел энергиясы, сондай-ақ энергия жинағыштар пайдаланылатын гибридті станциялар салу жоспарлануда.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025