Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Маңғыстау облысында 20 млрд теңгеге ЖЭС салынады

Маңғыстау облысында 20 млрд теңгеге ЖЭС салынады

Алматы. 1 шілде. 7kun.kz – Маңғыстау облысында 2020 жылы 19,6 млрд теңгеге жел электр станциясын (ЖЭС) іске қосу жоспарланып отыр.

Өңірлік әкімдіктен хабарлағандай, қуаты 42 МВт болатын станция Форт-Шевченко қаласына жақын жерде салынып жатыр.

«Жобаның инвесторы South Wind Power. ЖЭС іске қосылғаннан кейін шамамен 12 жұмыс орны ашылады», - деп толықтырды ведомство.

Естеріңізге сала кетейік, аймақта 782 млн теңгенің қуаты 5 МВт жел станциясы пайдалануға берілді. Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының тұрғындары энергияны тұтынады. Сондай-ақ, әкімдікте облыста күн және жел энергиясы, сондай-ақ энергия жинағыштар пайдаланылатын гибридті станциялар салу жоспарлануда.

Похожие материалы