Топ-бизнесмен Марғұлан Сейсембаев прокуратурадағы тергеуден кейін өзінің "Мен жауап беремін" ("Я отвечаю") жобасын тоқтататынын жариялады. Жаңа азаматтық бастамалардың авторы үкімет пен орган басшыларына көпшілік алдында сын айтудан бас тартты.
Қазақстандық өнім сапасын жақсартуға байланысты "Я отвечаю" бастамасының авторы Марғұлан Сейсембаев әлеуметтік желіде прокуратура "бұрынғы істері" бойынша тергегенін жеткізді. Ол бұл тергеу "танымал әрі көпшілік" қозғалысын құрып жатқандықтан жоғарғы жақтағылар қысым көрсетуінен болды деп ойлайды.
М. Сейсембаев прокуратураға тергеуге шақырылмай тұрып, әлеуметтік желілерде қолдау тапқан жобасы бойынша, енді жоғарғы басшылыққа сын айтпайтынын жариялаған болатын. Ең қызығы кәсіпкер жаңа бастамасы туралы тамыз айының соңында ғана мәлімдеген. Журналистер арқылы хабар алмасып, азаматтық бастаманы редакцияда сұхбат ретінде жариялауды талап еткен еді. Одан кейін жаңа жобаның таныстырылымына журналистер келген болатын.
Жоба бастала салған кезде кейбіреулер күмәнмен қарап, сәтсіз болады деп ойлаған. Себебі топ-бизнесменнің билікпен қарым қатынасы "қарапайым" емес еді. Тіпті азаматтың саясаттан тыс бастамасы билікке қауіп төндіретін бір айла шарғы ретінде көрінді.
Ал жобаның жабылуына байланысы кәсіпкер өзінің фейсбук парақшасында былай деп жазды:
Достар, жағдайдың ары қарай не боларын уайымдап отырғандарыңызды білемін. Бәрін ретімен айтайын. Нашар жаңалықты естігеннен кейін, бейсенбі күні Астанада бірнеше маңызды адамдармен кездесуді ұйғардым. "Я отвечаю" жобасының мақсаты мен жолын түсіндіргім келді. Бірнешеуімен кездесім де. Ал кейбірі көмекшілері арқылы мені қабылдауға уәде беріп, контактымды жазып алды. Жұма күні кездесулерді күтумен уақытым өтті. Алайда ешкім кездесіп, күтіп алған жоқ. Мен өз қызметімді адал орындадым. Өзімнің дайындығымды, ашықтығымды, икемділігімді, көрсеттім. Менің ойым, түсініспеушілік пен сенімсіздік болмас үшін, бәрін келісіп алу керек. Тергеуде тағы қысым мен кінәлау болмас үшін тергеу ісінің қалай болғанын айтпай-ақ қояайын.
Себептерге келер болсақ, соңғы айларда мен өз әрекетімді бақылап жүрдім. Қоғамдық қолдау болғандықтан "Я отвачаю" жобасында ешқандай асыра сілтеушілік пен қателіктер болған жоқ. Ең басты себебі жобаның көпшілікке танымал болуы болып отыр. Дәл сол кезде басшылықтың әрекетіне байланысты екі сын-мақала жариялаған едім. Біреуі саясатты қаражаттандыруды өзгерту туралы болса, екіншісі дау-дамайға қатысты болған еді. Бұл мақаланы жариялауым қате болды деп санаймын. Себебі, бұл "Біз өзімізден бастаймыз, сын айтпаймыз, кінәламаймыз" деген сияқты қабылданған біздің декларацияға сәйкес емес.
Мен декларацияға қарсы шығып, жобаның дамуына кедергі болғаным үшін достарымнан, фейсбук қолданушыларынан және маған тіркелген достардан кешірім сұраймын.
Ары қарай не болады?
Жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты және түсіндірудің мүмкіндігі болмай тұрғандықтан жұмысты ары қарай жалғастыру үшін бірнеше нұсқалар бар:
1.“Я отвечаю” жобасын жалғастыру.
2.“Я отвечаю" жалғасу үшін мен жобаға қатыспауым керек.
3. “Я отвечаю” жобасын тоқтату
Бірінші нұсқа қарсылық танытумен, тергеу ісімен, отырып шығумен аяқталады. Оның үстіне бізден барлық, "кәсіби серіктестер" бас тартады (өкінішке орай, поштаға жобаға қатысудан бас тарту туралы хабарламаларда келді). Біз сапалы өнім шығарушыларға қолдау көрсету және тексеру, анықтау қызметтерін орындай алмаймыз. Жақын адамдар зардап шегеді.
Екінші нұсқа эстафетаны бірау қабылдап алып, ары қарай жалғастыру керек. Жобаны басқарғысы келетіндер үшін, мен оған қатысудан бас тартуға дайынмын. Ал егер жоба ары қарай танымал бола беретін болса ол адамда менікі сияқты жағдайларға тап болады. Үшінші нұсқа бойынша, жоба - қауіпсіз әрі артықшылығы болады деп санаймын. Ол біз жариялаған декларацияны толықтай қанағаттандырады. Осы шешіммен біз саясатпен айналыспайтынымызды және ешқандай партиялық сайлауларға қатыспайтынымызды дәлелдейміз. Өз ісімізбен бейбіт және келісімді қозғалыс екенімізді көрсетеміз. Сондықтан, мен осыны таңдаймын.
Сонымен, мен жобаны беруге дайынмын. Егер алушылар болмаса, жобаны тоқтатамын, бірақ өзіммен жұмыс жасауды жалғастыра беремін.
Достар, жоба қоғамда қолдау табу үшін бірнеше идеяларды көріп тұрмын. Жобаның тоқтатылуы өз ішінде жұмыс істемейді деген сөз емес. Тек біз көпшілік ортада жұмыс істеуді қоямыз. Өздеріңізбен жұмыс істеуді жалғастыра беріңіздер. Жобаның принциптерін ұстаныңыздар. Жұршылықпен жиналуды қоямыз. Мысалы, мен уақытымның жартысын қоғамдық жұмыстарға бөлетін боламын. Тәлімгерлікпен, дәріс берумен айналысамын.
Барлықтарыңызға сәттілік!
Естеріңізге салайық, Марғұлан Сейсембаевтың өмірінде Қазақстандағы қылмыстық тергеу амалдары кезінде шетелге кеткен кезеңдер болған. Шетелден келген соң, М. Сейсембаев өзі жоққа шығарған қаржылық қылмысқа байланысты кінәлі деп табылып, шартты түрде жаза алған болатын. Дегенмен, ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа деген адалдығын жеткізген еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024