Кульбаевтар отбасы және Есік қаласы Абылайхан атындағы мектеп ұжымы Түркиядағы "Anadolu Medical Center" клиникасында радиациялық сәулемен сол аяғының тізесін емдеу үшін 11б сынып оқушысы Байжумаев Маратқа қол ұшын беруді сұрайды.
Диагнозы: синовиалық саркоманың 4-кезеңі.
Емдеу процедурасы 15 000$ тұрады. Шамамен 2 ай емделеді. Біз бұл процедураның ем болатынына сенеміз. Мүмкіндігінше қаржылай көмек берген әрбір жанға шын жүректен алғыс білдіреміз.
Байланыс телефондары: әкесі - Кульбаев Ерлан +7 775 329 99 08, анасы - Оразкулова Гульмира +7 775 199 14 14 Qiwi әмиян: + 7 708 565 71 07 Қазкоммерцбанк: KZ03926027PN02750183
Редакциядан
Құрметті оқырман!
Әр түрлі ресурстарда емделу үшін немесе жағдайы төмен отбасыларға көмектесуді сұраған ақпараттарды жиі көреміз.
Біздің редакциямызға да ондай хаттар жиі келеді.
Мұқтаж жандарға ақпараттық тұрғыдан көмектесу және көмекке мұқтаж жандарды бір ресурсқа топтастыру мақсатымен осы айдарды ашуды жөн деп санадық.
Егер әлеуметтік желі, сайттардан көмек сұраған хабарландыру көрсеңіз немесе өзіңіз мұқтаж болсаңыз толық мәліметтерді (сурет, не үшін қажеттігін көрсетіп, қаражат аударуға қажетті реквизиттерді, байланыс мәліметтері) көрсетіп info@7kun.kz почтасына немесе +7 700 973 83 77 нөміріне whatsapp арқылы жіберуді сұраймыз.
Қазіргі кезде шын мұқтаждардан бөлек, түрлі алаяқтық оқиғалар көбейгендіктен мәліметтер редакция тарапынан тексеріліп барып жарияланады.
Мәлімет сайтпен қатар әлеуметтік желідегі парақшаларға да салынады.
Әлеуметтік жобалармен айналысатын түрлі компанияларға жіберіледі.
Редакция қаржылай көмек көрсетпейді. Сіздің ақпаратыңызды ары қарай тарату үшін жариялайды. Редакция қайырымды жандардың қаражатын қабылдамайды. Мұқтаж адамға көмекті көмек сұраған адамдардың реквизитіне тікелей жіберуіңізді сұраймыз.
Редакция мұқтаж жандар туралы қосымша ақпарат бермейді. Қосымша ақпаратты көрсетілген байланыс нөміріне тікелей жіберуіңізді сұрайды. Редакция әлеуметтік желідегі көмек сұраған хабарландыруларды тексеріп, көшіріп басады.
Егер ол хабарландыру маңызын жойса, көмек қажет емес болса, сайттағы ақпарат қате болса info@7kun.kz почтасына немесе +7 700 973 83 77 нөміріне whatsapp арқылы ескертуді сұраймыз.





