Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – Mastercard әлеуметтік желілердегі пікірталастарға алтыншы рет зерттеу жүргізді.
Зерттеуге сәйкес, мобильдік төлемдер ең қызу талқыланған тақырыптардың біріне айналып отыр: оған әлеуметтік желілердегі пікірталастардың 27%-дан астамы арналған екен (бұл өткен жылғыдан 20%-ға жоғары). 2019 жылға қарай цифрлік әмияндарды атап өту саны екі есе өскен.
Mastercard-тың PRIME Research компаниясымен ынтымақтаса отырып өткізген алтыншы зерттеуінің қорытындысы 2018 жылы Twitter, Facebook, Instagram және Weibo сынды басқа да әлеуметтік желілердегі 3,3 миллионнан аса постқа талдау жасау негізінде шығарылды.
"Қажет болған кезде, керекті нәрсеге, дәл сол уақытта қол жеткізу – әртүрлі контент жасаушылардың талабы ғана емес, сонымен бірге, адамдар қалай төлем жасағысы келетіндігін көрсететін ұстанымға айналып отыр... Біздің зерттеуіміздің мәліметтері жылдам, ыңғайлы әрі қауіпсіз төлем тәсілдері қаншалықты кең қолданысқа ие болып отырғандығын көрсетеді. Бұл осындай төлемдерге деген қызығушылық пен сұраныс ұзақ жылдарға сақталатындығын байқатады", - деді Mastercard-тың Еуропадағы сатылымдарға маркетингтік қолдау көрсету және коммуникация жөніндегі аға вице-президенті Роуз Бомон.
Зерттеуде соңғы жылы әлеуметтік желілерде адамдардың өмірін жақсы жаққа қарай өзгертетін жаңа технологиялар аясындағы пікірталастар өткен жылдармен салыстырғанда 30%-ға өскені көрсетілген. Бүгінгі күні мобильдік коммерцияға қатысты бүкіл пікірталастардың 20%-ы байланыссыз төлемдер және мобильдік әмияндар аясында шоғырланған. Сондай-ақ, қолданушыларды жасанды интеллект, QR-төлемдер және кимелі құрылғылар арқылы төлем жасау олардың өміріне қалай әсер ететіндігі толғандырады екен.
Мобильдік төлемдердің кең таралуы әсіресе Азия және Африка нарықтарында байқалып отыр. Үндістан ең белсенді нарыққа айналып, ондағы пікірталастардың 30%-ы мобильдік әмияндарды қоғамдық көлікте қолдану мүмкіндігіне және QR-код негізіндегі төлемдерді енгізуге арналған. Осы тұста олар Masterpass QR және үндістандық Paytm QR сервисіне сілтеме жасаған. Мобильдік әмияндар жайлы пікірталастардың кең таралуы жағынан АҚШ екінші орынды (10%) иеленді.
Пікірталастарға жүргізілген талдау көрсеткендей, қолданушылар үшін олардың жеке қаржысы мен жеке мәліметтерінің қауіпсіздігі әлі де бірінші кезекте екен. Өздерінің постарында қолданушылар әрбір мобильдік төлемнің қорғалатындығына сенім сыйлай алатын жаңа технологияларды жоғары бағалайтындығын атап өткен.
Mastercard Digital Payments Study алтыншы зерттеуінде пікірталастардың 20%-ы деректерді ұрлауға қатысты соңғы жаңалықтарға арналған болса, осы пікірталастардың 13%-ында қолданушылар блокчейн, токенизация және биометрия сынды цифрлік қауіпсіздікке арналған технологиялардың әлеуетін атап өткені баяндалады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024