Алматы. 25 шілде. 7kun.kz – Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2018 жылғы маусымның соңында 12 831,1 млрд теңгені құрады (бір айда 0,9%-ға ұлғаю). Заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі 7 997,3 млрд теңгеге дейін 0,3%-ға, жеке тұлғалардыкі 4 833,8 млрд теңгеге дейін 1,9%-ға ұлғайды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Ұлттық валютамен кредиттердің көлемі бір айда 9 673,1 млрд теңгеге дейін 1,1%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер көлемі өзгерген жоқ, жеке тұлғаларға кредиттер 2,2%-ға ұлғайды. Шетел валютасымен кредиттердің көлемі 3 158,0 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға өсті, оның ішінде заңды тұлғаларға кредиттер 0,8%-ға ұлғайды, жеке тұлғаларға – 3,9%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы маусымның соңында 75,4%-ды құрады (2018 жылғы мамырда - 75,3%).
Ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі бір айда 10 984,6 млрд тенгеге дейін 0,7%-ға, ал қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 1 846,5 млрд теңгеге дейін 2,0%-ға ұлғайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2 647,3 млрд теңгеге дейін 3,2%-ға (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінен 20,6%) азайды.
Салалар бойынша бөлінген банктердің экономикаға кредиттерінің ең қомақты сомасы сауда (жалпы көлемдегі үлесі – 15,2%), өнеркәсіп (14,2%), құрылыс (6,4%), ауыл шаруашылығы (5%) және көлік (4,7%) сияқты салаларға тиесілі.
Берілген кредиттердің көлемі маусымда бір айда 34,4%-ға ұлғайып 1 321,2 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымында теңгемен берілген кредиттер 80,6%-ды құрады. Қысқа мерзімді кредиттер беру бір айда 677,8 млрд теңгеге дейін 23,1%-ға, ұзақ мерзімді кредит беру 643,4 млрд теңгеге дейін 48,7%-ға ұлғайды.
2018 жылғы маусымда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,7% (2017 жылғы желтоқсанда – 13,2%), жеке тұлғаларға – 19,1% (19,2%) болды.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024