Медициналық сақтандыру бойынша аударымдар мен жарналар қабылдайтын шот ашылды
Астана. 1 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап медициналық сақтандыру бойынша аударымдар мен жарналар қабылдайтын шот ашылды. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері базасында аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді.
Еске салсақ, бұған дейін міндетті медициналық сақтандыруға қатысты заңға қол қойылғандығы туралы хабарлағанбыз.
Ұйымдар, кәсіпорындар және басқа да төлеушілер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды келесі деректемелер бойынша тұрақты түрде аударуы тиіс:
Бенефициар: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
Бенефициар банкі: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
БСК: GCVPKZ2A
ЖСК: KZ92009MEDS368609103
БСН: 160440007161
Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған:
- 121- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;
- 122-Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар;
- 123 – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;
- 124- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024