Алматы. 23 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылдың тамызында, қорға түскен міндетті медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарының жалпы сомасы 2,39 млрд теңгеден асты. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Ал, тек тамыз айының басынан бері әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ҚР Ұлттық банкіндегі шотына 1,59 млрд теңгеден астам қаржы түскен. Түскен түсімдердің 69,1 пайызы жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 30,9 пайызы жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде жұмыс істейтін тұлғалардың жарнасы.
Еске салсақ, шілденің бірінен бастап жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер және азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде еңбек ететін тұлғалар жарна төлеуге кірісті. Белгілі болғандай, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлерді жұмыскерлеріне міндетті медициналық сақтандыру бойынша тиісті төлемді енгізуді міндеттейтін норма өз күшіне енді.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024