Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Медициналық сақтандыру қорына түскен аударымдар сомасы 2,39 млрд теңгеден асты

Медициналық сақтандыру қорына түскен аударымдар сомасы 2,39 млрд теңгеден асты

Алматы. 23 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылдың тамызында, қорға түскен міндетті медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарының жалпы сомасы 2,39 млрд теңгеден асты. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Ал, тек тамыз айының басынан бері әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ҚР Ұлттық банкіндегі шотына 1,59 млрд теңгеден астам қаржы түскен. Түскен түсімдердің 69,1 пайызы жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 30,9 пайызы жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде жұмыс істейтін тұлғалардың жарнасы.

Еске салсақ, шілденің бірінен бастап жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер және азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде еңбек ететін тұлғалар жарна төлеуге кірісті. Белгілі болғандай, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлерді жұмыскерлеріне міндетті медициналық сақтандыру  бойынша тиісті төлемді енгізуді міндеттейтін  норма өз күшіне енді.

Похожие материалы