Алматы. 8 мамыр. 7kun.kz – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жыл басынан бері Қазақстанның медициналық ұйымдарына халыққа көрсетілген қызметтер үшін 305 миллиард теңге төледі. Төлемдер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландыру шеңберінде жүргізілді, - деп хабарлайды қордың жұртшылықпен байланыс департаменті.
«2019 жылдың мамырындағы мәліметтер бойынша, қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 305 млрд теңге төленді. Бұл жалпы кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 35,4%-ын құрайды», – деді МСҚ басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова.
Биыл кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 860 млрд теңгенің келісімшарты бекітілген болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 5% артық.
Мемлекеттік тапсырысты орындап жатқан жекеменшік медицина ұйымдарының саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қызылорда, Жамбыл және Қарағанды облыстары алда тұр.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024