Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Медициналық ұйымдар әлеуметтік сақтандыру қорынан 305 млрд теңге алды

Медициналық ұйымдар әлеуметтік сақтандыру қорынан 305 млрд теңге алды

Алматы. 8 мамыр. 7kun.kz – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жыл басынан бері Қазақстанның медициналық ұйымдарына халыққа көрсетілген қызметтер үшін 305 миллиард теңге төледі. Төлемдер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландыру шеңберінде жүргізілді, - деп хабарлайды қордың жұртшылықпен байланыс департаменті. 

«2019 жылдың мамырындағы мәліметтер бойынша, қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 305 млрд теңге төленді. Бұл жалпы кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 35,4%-ын құрайды», – деді МСҚ басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова.

Биыл кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 860 млрд теңгенің келісімшарты бекітілген болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 5% артық.   

Мемлекеттік тапсырысты орындап жатқан жекеменшік медицина ұйымдарының саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қызылорда, Жамбыл және Қарағанды облыстары алда тұр.

Похожие материалы