Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мексиканың мұнай кірісі 70% құлдырады

Мексиканың мұнай кірісі 70% құлдырады

Мексикалық Petroleos Mexicanos мемлекеттік компаниясының мұнай кірісі бағаның бірден құлдырауынан 70%-ға қысқарған.  Бұл турлы мемлекеттің энергетика министрі Мексики Педро Хоакин Колдуэлл парламент жиылысы кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды РБК El Financiero басылымына сілтеме жасап.

Педро Хоакин Колдуэллдің сөзінше, жағдай елдегі жобалардың жүзеге асырылуына әсер етеді.

«Мұндай жағдайдың әсерінен біраз инвестициялық жобалардың жұмысы тоқтап қалуы мүмкін", - деді министр. Сондай-ақ, ол әлем нарығындағы мұнай компанияларының көпшілігі 200 млрд долларды құрайтын инвестициялық жобаларды тоқтатуға немесе кері шегеруге мәжбүр болғандарын атап өтті.

Педро Хоакин Колдуэлл депуттатарға үкімет басым болып табылатын мұнай жобалары үшін Қаржы министрлігі мен құнды қағаздар комиссиясына қосымша қаржы тартуға мүмкіндік беретін жаңа механизм дайындағанын хабарлады. Ол бұл үшін 5 млрд доллар көлеміндегі облигацияларды орналастырып, Petroleos Mexicanos-тан кеткен шығынды қайтару жоспарланып отырғанын түсіндірді.

Ал Bloomberg агенттігі 29 қаңтар күні компанияның 10,2 млрд доллар жоғалтқанын мәлімдеді. Үкімет болса компанияға көмек ретінде облигацияларды шығару арқылы инвесторлардан қаржы алмақ.

Фото: islam.ru

Похожие материалы