Алматы. 2 шілде. 7kun.kz – Есептен шығарылатын кредиттердің басым бөлігі емделуге, оқытуға және тұрғын үйді жөндеуге келеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.
«Егер сома 300 мың теңгеден аз болса, бұл түрлі мақсаттарға арналған қарыздар: емдеу, оқыту, тұрғын үйді жөндеу. Біз қажеттілік бар екенін түсінеміз, бірақ олар қарызға қызмет көрсету мүмкіндіктерімен ұштасуы тиіс», - деді Ерболат Досаев Үкімет отырысында.
Қазір Ұлттық банк қарыз жүктемесінің коэффициентін реттеуге байланысты қажетті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуде, деп толықтырды ол.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мемлекет 500 мың қазақстандықтың несиелері бойынша 300 мың теңге қарызын өтеуге міндеттеме алды. Сонымен қатар, бас банкир ҚР Ұлттық Банкі несиелендіру нарығында жаппай реттеу енгізетінін айтты.
Е. Досаев Парламент Сенатының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша заңды қабылдап, Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға енгізгенін айтып берді. Онда кредиттік серіктестіктерді, ломбардтар мен онлайн-кредиторларды қоса алғанда, барлық кредиттеу субъектілерін реттеу мен қадағалауды енгізу және халықтың борыштық жүктемесінің бақыланбайтын өсуін шектеу көзделеді.