Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жекешелендірудің екінші толқынына қатысатындықтарына байланысты пікір білдірді. Бұл туралы LS хабарлайды.
Банктің хабарлауынша, мемлекет ТҮҚЖБ құрылтайшыларының құрамында қалады. Ал банк салымшыларына жыл сайын 20% сыйақы төлене береді. Бұл норма институттың жеке қаржы формасына тәуелді емес және "ҚР-ның тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" заңында бекітілген. Банк баспасөз баяндамасында потенциалды инвесторлармен серіктес болуға дайын екендіктерін мәлімдеді. Бұл банк қызметінің барынша тиімді болуына көмектеседі. «ТҮҚЖБ серіктес болса, одан банк ұтады. Жаңа инвестициялар мен технологиялар, ІТ-қызметтер жүзеге асады. Сондай-ақ, мемлекеттен субсидия алу арқылы банк өз салымшыларына жыл сайын сыйақы төлеп, әлеуметтік қызметін арттырады », - деп мәлімдеді жекешелендіру туралы ТҮҚЖБ басқарма төрағасының орынбасары Айжан Медеуова. Сондай-ақ, А. Медеуова акционерлер тарту процесі бойынша әлі шешім қабылданбағанын хабарлады. Алдағы уақытта нақты жоспарлар құрылып, ол басшылықпен келіспек. Процесс екі ай уақыт алады. Инвесторларға қанша пайыз акция бұйыратыны туралы да жұмыс барысында талқыланып жатыр. А. Медеуованың хабарлауынша, әлемдік және еуропалық тәжірибеде тұрғын-үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асырушы банктердің жеке инвесторлары болған көптеген мысалдар бар. Қазіргі таңда Тұрғын үй құрылыс банкі Еуропа Федерациясының құрылыс жинақ санатына кіреді. Еуропалық әріптестер келтірген мысалға сәйкес, банк Қазақстанда 12 жылдан бері тұрғын үй жинақ жүйесін жүзеге асырып келеді және 550 мыңға жуық келісім-шарттардың иесі. Осыған дейін Қазақстанның вице-премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жекешелендіру нысандарының қатарында 60 жуық мемлекеттік компаниялар мен ұлттық холдингтердің бар екенін мәлімдеген. Жекешелендірудің жаңа толқынына "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорына тиесілі 38 компания, 14 мемлекеттік жекеменшік ұйымдары және "Бәйтерек", "ҚазАгро" холдингтерінің төрт кәсіпорны кіреді. Ал қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 60 ірі компанияның 5 млрд теңге тұратын 161-ге жуық кәсіпорындары жекешелендіру тізіміне енгенін хабарлаған еді. Сондай-ақ, ол жекешелендіруді жеделдету үшін сатылымға 2 рет қойылған және сатып алушыларын таппаған нысандар бірден таратылады немесе мүліктік кешен есебінде сатылатынын жеткізген. Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы басталған жекешелендірудің екінші толқыны жалғасып жатыр. 2015 жылдың 22 қыркүйегінде құны 68,8 млрд теңгені құрайтын 205 нысан сатылған еді. Саудада 168,8 млрд теңге құрайтын 174 нысан қалған.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024