Үкімет "Панама тізімінен" табылған қазақстандықтардың экономикалық заң бұзушылыққа қаншалықты қатысы бар екендігін анықтап жатыр. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитетінен хабарлады.
МКК алдын-ала сараптама жасап, тізімде офшорлы зонада тіркелген қазақстандық жеке және заңды тұлғалардың компаниялары болғанымен олардың нақты көлемі көрсетілмегендігін бекітті.
"Қазіргі уақытта комитет заң жүйесіне сәйкес экономикалық құқық бұзушылықтардың қаншалықты екендігін анықтауға сараптама жүргізу үшін алгоритм құрастырды. Ол алгоритм республиканың нақты декларациясы және табысқа салық салу туралы талаптарын есепке ала отырып қолданылады", - делінген есепте.
Ведомтствоның мәлімдеуінше, сараптамадан кейін аталған заң бұзушылықтардың ауырлық деңгейін белгілеу туралы шешім қабылданады.
Еске салайық, 9 мамырда журналист-зерттеушілердің халықаралық консорциумы офшорлы аймақта есепшоттары бар тұлғалардың тізімі жазылған "Панама құжатын" жариялады. Ол тізімнен қазақстандықтардың да аты табылды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024