Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ә.Т.Садықұловты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын», - делінген жарлықта.
Ол еңбек жолын 1992 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметінде бастаған. Әртүрлі уақытта ҚР ҰҚК «Арыстан» қызметін (алғаш рет – 2013 жылы), Президенттің күзет қызметін және ҚР Мемлекеттік күзет қызметін басқарды.
2014 жылдың шілдесінен бастап Садықұлов ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары – «Арыстан» қызметінің бастығы болды. Ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы бар.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024