Алматы. 23 қараша. 7kun.kz – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операция нәтижесінде алаяқтар тобын әшкереледі, деп хабарлайды 7kun.kz.
Антикор мәліметінше, олар мемлекеттік органдар басшыларының сенімді адамдары болып көрініп, азаматтарды адастырып, әртүрлі мәселелердің шешімі үшін пара беруге итермелеу арқылы олардың ақшалай қаражатын ұрлаған.
«Топ мүшелерінің бірі Б. Әбдікерімов соттың санкциясымен қамауға алынды. Басқа қатысушы М. Тұрановтан «Халықаралық полиция орталығы» («Interpol Center UN») генерал-майорының куәлігі тәркіленді», – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізілуде. Аталған адамдардың басқа қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексеріледі.
Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024