2015-жылдың І жартыжылдығындағы қаржылық есеп көрсеткіші бойынша Microsoft компаниясы 3,2 млрд доллар шығынға батты деп жазады The New York Times.
Мұншама шығынның негізгі себебі – компанияның осыдан екі жыл бұрын 7,5 млрд долларға Nokia корпорациясысының ұялы телефондар бөлімін сатып алуы деп түсіндіреді сарапшылар. Өйткені соңғы кезде Lumia смартфондарына деген сұраныс барынша азайған. Бұған Lumia смартфондарын құрастыруда компанияның шектен тыс үнемдеуі себеп болуы мүмкін. Аталған қаржы есебін жариялағаннан кейін компания акцияларының құны 3,5%-ға түсіп, бір дана акцияның құны $45,65 шамасында болды. Дегенмен, Microsoft-тың басқа бөлімдерінің табысы айтарлықтай өсуде. Айталық, Office 365 және Azure брендтері компанияға 96% көлемінде кіріс әкелген. Сонымен қатар, Surface планшеттерін және Xbox ойын приставкаларын шығаратын бөлімдерінің де табысы өскен.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024