Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Microsoft пен Google компаниясы барлық жанжалды реттеуге келісті

Microsoft пен Google компаниясы барлық жанжалды реттеуге келісті

Америкалық Microsoft және Google корпорациялары әлемдік құқықты бұзғаны туралы сотқа кеткен дау-дамайды өз араларында реттеуге келісті. Бұл туралы Reuters-қа сілтеме жасап, kapital.kz хабарлайды.

Сөз АҚШ пен Германиядағы 18 рет өткен сот талқысы туралы болып отыр. Келісім Windows өнімдері мен Microsoft-тың Xbox ойын консолдарын, патентті және мобильді байланыс пен Wi-Fi сияқты түрлі технология өнімдерін пайдалануда сот дауын шешу үшін жасалды. Келісім бойынша, Motorola Mobility-дің қатысуымен сот талқысы аяқталады. Өткен жылы Google Motorola Mobility-ді өз патентін сақтай отырып, Lenovo компаниясына сатқан болатын. Microsoft баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, Microsoft мен Google бәсекеге қабілетті іздестіру жүйелері мен мобильдік құрылғыларды шығара береді. Дегенмен, жасалған келісім алдағы уақытта құқықтың бұзылғаны туралы арыздар болмайды деген ойды білдірмейді. «Google мен Microsoft  әлемдік қорғанысқа байланысты бірнеше сұрақтарды шешуде ынтымақтас болуға келісім жасады. Алдағы уақытта клиенттер үшін қандай жұмыс істей алатынымызды ойластырудамыз», —  деп хабарланды компаниялардың мәлімдемесінде. Сондай-ақ, компаниялар Еуропалық одақ құқықтарын қорғау туралы бірыңғай жүйені қалай құруға болатыны туралы сұраққа қатысты және интернетте видео жіберудің тегін технологиясына байланысты ынтымақтас болуға келісті. Бәсекелестердің арасындағы дау-дамай 2010 жылы  Microsoft компаниясы Motorola-ны келісім-шартты бұзды деп кінәлағаны үшін басталған еді. Оған дейін Motorola өз патентінде Xbox жүйесінде қолданылатын видеоны жіберу және сымсыз байланыс кеңістігін пайдалану үшін лицензия жасауға міндеттелген.

Похожие материалы