Microsoft компаниясы интернеттегі жарнамамен айналысатын бөлімінен бас тартып, қызметкерлер санын 1,2 мыңға дейін қысқартпақшы. Бұл туралы Bloomberg-ке сілтеме жасай отырып, Rambler Новости хабарлайды.
Агенттіктің дереккөзінше, Microsoft-тің жарнама бизнесін бақылау құқығына AOL және AppNexus интернет-компаниялары ие болады. Транзакцияның толық мәліметтері әзірге белгісіз. Microsoft қызметкерлерінің жартысы AOL және AppNexus-ке ауысады, өзгелері басқа лауазымда жұмыс істейді немесе қызметтен босатылады. Bloomberg-тің атап өтуінше, компанияның бас директоры Сатья Наделла алдына қойған мақсатты орындауға қажет деп таппайтын бөлімдерден құтылуды жоспарлап отыр. Microsoft өкілдері әзірге агенттіктің хабарламасына пікір білдірген жоқ.Похожие материалы
Финансы
Отбасы банк увеличил максимальную сумму по своей самой популярной ипотеке
- 02 желтоқсан, 2025





