Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Microsoft жарнама бизнесінен бас тартады

Microsoft жарнама бизнесінен бас тартады

Microsoft компаниясы интернеттегі жарнамамен айналысатын бөлімінен бас тартып, қызметкерлер санын 1,2 мыңға дейін қысқартпақшы. Бұл туралы Bloomberg-ке сілтеме жасай отырып, Rambler Новости хабарлайды.

Агенттіктің дереккөзінше, Microsoft-тің жарнама бизнесін бақылау құқығына AOL және AppNexus интернет-компаниялары ие болады. Транзакцияның толық мәліметтері әзірге белгісіз. Microsoft қызметкерлерінің жартысы AOL және AppNexus-ке ауысады, өзгелері басқа лауазымда жұмыс істейді немесе қызметтен босатылады. Bloomberg-тің атап өтуінше, компанияның бас директоры Сатья Наделла алдына қойған мақсатты орындауға қажет деп таппайтын бөлімдерден құтылуды жоспарлап отыр. Microsoft өкілдері әзірге агенттіктің хабарламасына пікір білдірген жоқ.

Похожие материалы