А
Айнымалы шығындар – шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындар.
Ашық монополия – берілген тауарды өндіретін тек бюір ғана фирма. Оның бәсекелестен арнайы қорғанысы жоқ.
Алмасу эффектісі – бағасы басқа тауарлар бағасына қарағанда өзгеруі нәтижесінде сұраныстың өзгерісін білдіретін көрсеткіш.
Б
Балама шығын – жүзеге аспаған балама мүмкіндіктердің ең жақсысынан түсетін пайда.
Баға – сұраныс пен ұсыныстың өз ара байланысының нәтижесі.
Бухгалтерлік шығындар - өндірістің есеп беру кезеңіндегі шығындары.
Бағалық дискриминация – бір тауарды тұтынушылардың әр түрлі категориясына әр түрлі бағамен сату.
Д
Демпенг баға – бәсекелесін ығыстыру мақсатында өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен сату.
Е
Еңбек өнімінің шекті түсімі – қосымша бір жұмыс орын ол әкелетін қосымша түсім мөлшері жалақы шығындарынан артық болған жағдайдағы қосымша түсім.
Ж
Жалпы өнім – басқа өндіріс факторлары тұрақты деп ұйғарып, зерттелініп отырған факторлардың белгілі санын пайдалану арқылы өндірілген өнімнің саны.
Жабық монополия – бәсекелестен заңды шектеулермен қорғалған.
Жетілген бәсеке жағдайындағы өндіріс факторы нарығы – көп өндіріс факторларының сатушылар мен тұтынушылар нарығы.
И
Игілік – тұтынушының белгілі қажеттіліктерін қанағаттандыратын немесе өндірушінің көздеген мақсатына сәйкес қолданылатын материалдық және материалдық емес кез келген зат.
Изокванта – белгілі бір өндірістік процессте капитал мен жұмысшы күші құрамының өзгеруі.
Изокоста – жалпы шығындардың құны бірдей болтын еңбек пен капиталдың барынша мүмкін болатын тіркесімін қамтитын сызық.
К
Комплементары тауарлар – бірін бірі толықтыратын тауарлар.
Курно дуаполиясы – бірдей технология қолданып, біртектес өнім өндіретін екі фирма.
Л
Лидер фирма – салада үстемдік жасайтын фирма.
М
Монополия – берілген тауарды өндіретін бір ғана фирма.
Н
Нарықтық ұсыныс – саладағы фирмалардың кез келген мүмкін болатын бағамен сатқысы келетін нарықтағы өнім көлемінің сомасы.
Нарықтық ұсыныс қисығы – нарықта қызмет етуші барлық фирмалардың шекті шығын қисықтарының көлденең жиынтығы.
О
Орташа өнім – жалпы өнім мен зерттелініп отырған фактор санының қатынасы.
Олигополия – бірнеше көп емес сатушылар нарығы.
Ұ
Ұсыныс – тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі уақыт аралығында сатқысы келетін заттарының арасындағы байланыс.
Ұсыныс икемділігінің коэффиценті – баға бір пайызға өзгерген уақытта ұсыныс көлемі неше пайызға өзгеретінін көрсететін шама.
П
Пайда – экономикалық субъектілердің тапқан игіліктері.
Пайда – ол жалпы түсім мен жалпы шығын арасындағы айырма.
С
Сұаныс – тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілеті.
Сұраныс көлемі – сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардың саны.
Сұраныстың икемділік коэффиценті – сұраныстың не себептен және қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін қолданылатын коэффицент.
Субститут тауарлар – бірін бірі ауыстыратын тауарлар.
Т
Талғам – сатып алушы үшін әрбір тауарда болатын өзіне тартымдылық көрсеткіші.
Түсім – тауардың бағасы мен сатылған тауар мөлшерінің көбейтіндісі.
Тұтынушылар қалауын анықтау – тауарлар құрамының ішінен өз қалауы бойынша ең жақсысын анықтау.
Талғамсыздық қисығы – пайдалылық функциясы тұрақты бір санға тең болып, ол бірдей пайдалылық әкелетін тауарлар құрамының жиынтығы.
Табыс тұтыну қисығы – тұтынушы теңдестігін жағдайын бейнелейтін нүктелер тізбегі.
Тұрақты шығындар – қысұа мерзім кезеңінде өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар.
Табиғи монополия – белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру, оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс саласы.
Түсім эффектісі – бағаның өзгерісінің түсімге көрсететін әсері.
Ш
Шекті пайдалылық – тауардың қосымша бірлігін тұтынған кездегі тұтынушыға әкелетін қосымша пайдалалығы.
Шекті өнім - өндіріс нәтижесінің өзгеруімен өндірістік процессте қолданып отырған айнымалы факторлардың санының өзгеруінің қатынасы.
Э
Экономикалық субъектілер – экономикада жеке қызмет атқаратын кез келген бірліктер.
Экономикалық модель – экономикалық құбылыстарды немесе оның белгілі фрагментін қарапайым түрде көрсету.
Экономикалық шығындар – жалпы өндірістік шығындар.