Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қалай жүзеге асады?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қалай жүзеге асады?

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі. Осы арқылы медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушыларына медициналық қызметтердің ауқымды көлемі ұсынылмақ. Ал бұл қандай жүйе? Қалай жүзеге асады? 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне  қатысудан не ұтамыз?

  1. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл жүйеге қатысу арқылы емделу қолжетімді болады: 
  • Тұлға өзінің таңдауы бойынша медициналық сақтандыру қорымен келісім жасаған кез келген мемлекеттік немесе жеке клиникада медициналық көмек ала алады;
  • дәрігердің қабылдауынан бастап, қымбат тұратын операциялар үшін көрсетілетін қызмет сапасы жақсарады;
  • Барлық шығын қор есебінен төленеді.

2. Сапалы медициналық көмек ұсынылу үшін:

  • медициналық ұйымдар конкурс арқылы таңдалады;
  • клиникалар қызмет сапасын жақсартуға тырысады;
  • Қор күн сайын бақылау жүргізеді.

3. Дәрілердің тегін және қолжетімді болуы:

  • мемлекет тіркеген ауру түрлері бойынша дәрілерді тегін алуға құқық беріледі;
  • дәрі-дәрмектер Қазақстанның барлық дәріханаларында қолжетімді болады, қауіпіздігі мен сапасы бақыланады;
  • Қор дәрі-дәрмек пен дәріхана қызметінің құнын өтейді

Тұлғалардың құқығы қорғалады:

  • егер медициналық ұйым емдеуден бас тартқан және қызмет сапасы дұрыс болмаған жағдайда Қорға шағымдануға болады;
  • Қор пациенттің құқығын қорғап, қажетті шараларды қолданады

Тұлға өзінің сақтандырылғаны және төленген жарна туралы ақпаратты электронды порталдан ала алады.

МӘМС қатысушысы болу үшін не істеу қажет?

Бұл үшін ай сайын әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеу қажет. Ал жарна төлеушілер мыналар: мемлекет, жұмысшы, жеке кәсіпкер, жеке меншік нотариус, жеке меншік сот үкімін орындаушы, адвокат, кәсіби медиатор және азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім шарт негізінде қорға төленуге тиіс ақша табатын жеке тұлға.

Мемлекет тарапынан сақтандырумен қамтамасыз етілетін тұлғалар: 

  • балалар;
  • "Алтын алқа", "Күміс алқамен" марапатталған көпбалалы аналар;
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері, зейнеткерлер;
  • мүмкіндігі шектеулі жандар;
  •  Күндізгі бөлімде оқитын колледж, университет, институт студентері
  • жұмыссыз ретінде тіркелгендер;
  • декреттік демалыстағы және 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар;
  • жұмыс істемейтін аяғы ауыр және 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған әйелдер;
  • Уақытша ұстау изоляторында отырған, сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан тұлғалар;

Сондай-ақ, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылған.

Осылайша мемлекет 10,1 млн қазақстандық үшін медициналық сақтандыру қорына жарна аударады.

Жарна қалай төленеді?

  • Өзін-өзі жұмыспен қамтитын халықтың жарналары 2017 жылдан бастап ең төмен деңгейдегі бір жалақы және санатына байланысты барлық табыс түрлері мөлшерінің 2%-ын, 2020 жылы – 7%-ын құрайды;
  • Жұмысшыларға жарна 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайынғы жалақының 1%-ы, 2020 жылы 2%-ы төленеді;
  • мемлекет 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың әлеуметтік-қорғалмаған тобына 3,75%, 2018 жылдан бастап 4%, 2023 жылдан бастап 6% қаржы бөледі;
  • Жұмыс берушілердің жұмысшыларға бөлетін жарналарының көлемі 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 1% болады, 2022 жылдан бастап көрсеткіш 3%-ға дейін көбейеді;

Медициналық сақтандыру пакетінде қандай қызметтер ұсынылады?

  • Алғашқы медико-санитарлық көмек. Күндізгі стационар және амбулаторлық жағдайда профилактика, диагностика, жүктілік кезеңінде бақылау, медициналық манипуляция қызметтері тегін болады;
  • Ауырған және пациенттің өміріне қауіп төнбеген жағдайда көрсетілетін стационарлық жоспарлы медициналық көмек;
  • амбулатролы-поликлиникалық және стационарлық көмек көрсеткен жағдайда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
  • медбике көмегі;
  • Емделмейтін аурумен ауыратын пациенттердің жағдайын жақсарту мақсатында көрсетілетін паллиативті көмек.

Есте сақтаңыз! Мемлекет жедел жәрдем және санитарлық авиация, әлеуметтік маңызы бар аурулар (онкоаурулар, туберкулез, қант диабеті және т.б.) және шұғыл жағдай бойынша көрсетілетін медициналық көмек, профилактикалық екпе сынды тегін медициналық көмектің бойынша кепілдік береді.

Похожие материалы