Жапондық Mitsubishi Motors автоконцерні АҚШ аумағында автокөлік шығаруды тоқтатып, тез дамып келе жатқан азиялық нарыққа көңіл бөлмек. Бұл туралы өз дереккөздеріне сілтеме жасап Kyodo ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Кәсіпорын АҚШ-тағы төмен сатылымға байланысты өндірісті тоқтатуды шешкен. Басылым дереккөзінің айтуынша, Mitsubishi жылына 60 мың жол талғамайтын көлік шығаратын Иллинойс штатындағы зауытын сатуды жоспарлап отыр. АҚШ-тағы өндіріс тоқтағаннан кейін, автоконцерн азиялық нарыққа назар аударып, Тайланд пен Филиппиндегі кәсіпорындарын дамытпақшы. Осыған дейін 2012 жылы Еуроодақта да осындай жағдай орын алған еді. Компания сатылым төмендеуіне байланысты Нидерландыдағы зауытын сатып жіберді. Mitsubishi Motors — Mitsubishi өндірістік тобының құрамына кіретін ірі жапондық автокорпорацияның бірі. Әуе, көлік құрылысы, электроника, энергетикалық құрылғылар саласындағы активтерді біріктіреді. Штаб-пәтері Токиода орналасқан.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024