Нұр-Сұлтан. 10 тамыз. 7kun.kz – Қаржы мониторингі агенттігінің елордалық департаменті «MMK Investment» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қаржы пирамидасы инвестиция саласындағы маркетингтік компанияның атын жамылған.
Мұндай компаниялардың өкілдері салымшыларды ең аз $50 инвестициямен тарта отырып, күнделікті жоғары табысқа, әкелінген әрбір клиент үшін қосымша пайыз төлеуге уәде беретіні атап өтілді.
«Жеке шоттағы әрбір салым сомасы шарт жасамай «цифрлық түрде» көрсетілді. «MMK Investment» компаниясының заңсыз қызметі әлеуметтік желілер арқылы жарнамаланды», – делінген хабарламада.
«MMK Investment» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024