Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы 30-35 долларға төмендесе де, Ұлттық қор 5-7 жылға жетеді

Мұнай бағасы 30-35 долларға төмендесе де, Ұлттық қор 5-7 жылға жетеді

Егер мұнай бағасы 30-35 долларға төмендесе де, Ұлттық қор 5-7 жылға жетеді. Егер одан әрі түссе, жағдай басқаша болады. Ұлттық қор активтерінің динамикасы қосымша проблема болып қалуы мүмкін. Ұлттық банк төрағасының экс-кеңесшісі, экономист Олжас Құдайбергенов Facebook-тегі парақшасында осындай пікірімен бөлісті. 

Қазір әлеуметтік желілерде Ұлттық қор 2 жылда таусылып қалады немесе мемлекеттік сектордың қарызы 70 млрд долларға жетуі мүмкін деген пікірлер жүр. Бірақ шын мәнінде:
  1. Сыртқы қарыз 2016 жылдың басында 153 млрд долларды құрады, олардың ішінде фирмааралық қарызы 80 млрд долларға тең. 40 млрд доллар жеке сектордың және 33 млрд доллары (Ұлттық банк, үкімет, мемлекеттік компания және мемлекеттік банк) мемлекеттің еншісінде.
  2. Ұлттық банктың басқаруындағы Ұлттық қордың валюталық бөлігі 2 млрд долларға яғни 63,5 млрд-тан 65,5 млрд долларға артты. Мұнай бағасы төмендегенде Ұлттық қор активтері өзгерген жоқ, бірақ баға жоғарылағанда бірден артты.
  3. Осыған дейін Ұлттық қор қысқарып, 2014 жылдың жазындағы мәніне оралды. Бірақ азаюдың барлығы жеке тұлғалар мен халықтың валюталық депозиті есебінен жүргізілді, яғни валюта ел ішінде қалды.
  4. Өткен жылдың екінші жартысында қызық процесс болды. Шикізат секторындағы өзгерістерге байланысты, валюталық шығындар азайып, бір баррельдегі меншікті құнның бағасы 55-60-тан 30-40 долларға дейін төмендеді. Былайша айтқанда, мұнай бағасы 45 доллар болса, барлық шығындарды өтеп, сыртқы қарыз бойынша да төлем жүргізуге болады. Ал баға 50 долларға жетсе, Ұлттық қор өсе түседі. Мұнай бағасы 30-35 долларға түсіп кетсе де, Ұлттық қор 5-7 жылға жетеді.
  5. Қазір Ұлттық қор қаржысын пайдалануға да шектеу салынған, демек мемлекет қарызы өсе түседі. Бұл жерде қара алтын бағасы кезең-кезеңімен өседі деп болжанып отыр. Валюталық тасқын тұрғысынан қарасақ, жағдайды басқаруға болады. Бірақ кейінірек пайда болатын басқа да проблемалар да бар.

Похожие материалы