2016 жылдың 16 ақпанында мұнай бағасы екі күнгі құлдыраудан кейін қайта көтеріле бастады. Brent маркалы мұнайдың бағасы 4,1%-ға көтеріліп, барреліне 40,33 доллар болды.
WTI маркалы мұнайдың бағасы 5,83%-ға көтеріліп, 38,46 долар болды. Саудадағы келісім саны 505,929-ды құрады.
Мұнай бағасының көтерілуі ФРЖ-ның негізгі базалық мөлшерлеме мен қор көлеміне қатысты шығарған шешіміне байланысты болып отыр. Америкалық мұнай институтының мәліметіне сәйкес, шикізат қорының көлемі бір апта ішінде 1,5 млн баррелге өскен. Алайда көрсеткіш күткен өсім деңгейінен (3,4 млн баррель) төмен.
Айта кетейік, 2016 жылдың 16 наурызында ФРЖ отырысында базалық мөлшерлемені 0,5% деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024