Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы 40 доллардан төмендеді

Мұнай бағасы 40 доллардан төмендеді

Мұнай бағасы 4 күннен бері қайтадан арзандап жатыр. Сарапшылардың сөзінше, бұл Америка нарығында өндірілетін мұнай көлемнің қайта артуы мүмкін екені туралы ақпаратпен байланысты болып отыр.

Brent маркалы мұнайдың мамыр айына арналған фьючерс бағасы Лондон биржасында 0,7%-ға арзандап, барреліне 39,98 долларды құрады. Ал WTI маркалы мұнайдың фьючерс баға белгіленімі Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Астана уақытымен 11:00-де  0,6%-ға төмендеп, барреліне 39,14 доллар болды.

Шетелдік инвесторлардың сөзінше, ақпанның басынан бері мұнай бағасы 50 пайызға өскенмен, баға қайтадан төмендеуі мүмкін дегенді айтады. Себебі нарықта ұсыныс пен сұранысқа байланысты жағдай әлі реттеле қойған жоқ.

"Ірі мұнай өндіруші елдердің сәуір айында Дохада болатын кездесуіне дейін мұнай бағасы барреліне 40 долларан аса қоймайды", - деді IHS Inc.-тың Азиялық Тынық мұхиты аймағы бойынша вице-президенті АТР Виктор Шум.

Похожие материалы