Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай компанияларының нарықтағы бағасы бір апта ішінде 240 млрд долларға арзандады

Мұнай компанияларының нарықтағы бағасы бір апта ішінде 240 млрд долларға арзандады

ОПЕК отырысынан кейін мұнай компанияларының нарықтық бағасы бір апта ішінде 240 млрд долларға арзандады. Осылайша мұнай құны 2008 жылдан бері болмаған минималды көрстекішке жетті, деп жазады Bloomberg.

Барлық мұнай өндіруші компаниялар мен құбыр желісін жеткізуші орындар және фирмалардың нарықтағы бағасы 11 желтоқсан күні  3,72 трлн долларды құрады. Бұл көрсеткіш 3 желтоқсан күні 3,96 трлн доллар болған еді. Айта кетейік, 4 желтоқсанда мұнай жеткізуде бұрынғы көлемді сақтап тұру бойынша ОПЕК-тің отырысы болған. Bloomberg мәліметіне сәйкес, ірі Exxon Mobil корпорациясының акциясының құны - 11 млрд долларға, ал PetroChina құны - 17 млрд долларға азайды. Сондай-ақ, АҚШ-тың Chevron Corp. мұнай компаниясының бюджеті биылғы жылмен салыстырғанда 2016 жылы 24%-ға төмен болады. Ал ConocoPhillips-тің капитал шығыны 25%-ға төмендеп, келесі жылы 7,7 млрд долларды құрайды.   

Похожие материалы