Барлық мұнай өндіруші компаниялар мен құбыр желісін жеткізуші орындар және фирмалардың нарықтағы бағасы 11 желтоқсан күні 3,72 трлн долларды құрады. Бұл көрсеткіш 3 желтоқсан күні 3,96 трлн доллар болған еді.
Айта кетейік, 4 желтоқсанда мұнай жеткізуде бұрынғы көлемді сақтап тұру бойынша ОПЕК-тің отырысы болған.
Bloomberg мәліметіне сәйкес, ірі Exxon Mobil корпорациясының акциясының құны - 11 млрд долларға, ал PetroChina құны - 17 млрд долларға азайды.

Сондай-ақ, АҚШ-тың Chevron Corp. мұнай компаниясының бюджеті биылғы жылмен салыстырғанда 2016 жылы 24%-ға төмен болады. Ал ConocoPhillips-тің капитал шығыны 25%-ға төмендеп, келесі жылы 7,7 млрд долларды құрайды.