Нұрсұлтан Назарбаев өз ғарышкерін ғарышқа жіберген ел қандай пайдаға кенелетіндігі туралы айтып өтті. Бұл жөнінде Forbes.kz хабарлайды.
«Өз ғарышкерін ғарышқа аттандырғысы келетін елдердің бірегейі болмасақ та, біріміз деп айта аламыз. Және біреуін ғана емес, үшеуін жібердік осы уақытқа дейін. Біздің Байқоңыр ғарыш айлағында Ресей Ресей Федерациясымен серіктестігіміздің арқасында осы дәрежеге жетіп отырмыз. Ғарышқа кеткен шығынның бірден орны толмайды. Күллі әлем ғарышты игеруге тырысып бағады. Барлық мәселе бүгінгі шығында ғана болмауы керек», - дейді Елбасы Халықаралық ғарыш станциясынан оралған "Союз" ғарыш кемесі экипажымен болған кездесу барысында. Президенттің айтуынша, ғарыш шығыны ғылыми-техникалық жетістіктерге жетелейді. «Ғарышта зерттелетінді жерде жасау мүмкін емес. Зерттеу нәтижелерін басшылыққа ала отырып, ғалымдар жаңалық ашады. Сол себепті, мемлекеттің ғарышқа шығарған қаражаты жемісін береді», - дейді мемлекет басшысы.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024