Н.Назарбаев EXPO-2017 нысандарының салыну қарқынын сынға алды. Бұл туралы халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесінің дайындығы туралы жиналыста айтылды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы отырыс қатысушыларына арнап, барша Қазақстан үшін халықаралық көрмені дайындау мен өткізудің қандай маңызға ие екендігін атап өтті. "Бұл еліміздің мүмкіндігін танытып, Қазақстанды барша әлемге таныстырады. Құрылыс мәселесінен бөлек, барлық жағынан артта қалушылық бар. Арнайы комиссардың болуына қарамастан, әлі күнге дейін көрмеге қанша елдің келетіндігі белгісіз. Басқа елдерде көрме бізге қарағанда кейінірек өтетініне қарамастан, белсенді түрде ақпараттық жұмыс жүргізіліп жатыр. Ал бізде тыныштық. Келушілер үшін қандай жағдай жасалынатындығы, көрмеден қандай пайда келетіндігі, қанша демеушілер тартылғандығы, ішкі және шетелдік туристердің қанша болатындығы, қандай мәдени-қоғамдық шаралар өткізілетіндігі әлі нақты емес", - деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев шешімін табуды қажет ететін бірнеше сұрақтарға мән берді. Мемлекет басшысы көрме обьектілерінің құрылысы бекітілген график бойынша іске асырылатындығын және 2016 жылдың тамыз-қыркүйегінде аяқталатындығын да атап өтті. "Бізде келіспеушілік, сұрақтар шешімін табуды кейінге қалдыру, жұмыстың нашар ұйымдастырылуы тәрізді көптеген техникалық сипаттағы проблемалар бар. Бүгінде кестеден қалып жатуымыздың негізгі себебі ретінде мүлдем жобалау басқару жоқ екендігін айтуға болады. Негізгі құжаттаманың бөлімдерін іске асыру бір-бірімен байланысты ұйымдарға бөлініп берілген. Құрылыс обьектілерінің бағасының көтерілуі қаржыны жымқыруға әкеліп соғады. Қаржыландыруды қамтамасыз ету- бөлек мәселе. Еліміздегі экспортты тауарлардың бағасы төмендеуіне байланысты бюджетке қажетті қаржы жетіспей жатыр. Осыған байланысты бізге EXPO үшін де, Универсиада үшін де қатаң үнемдеуге тура келеді", - деді жиналыс кезінде Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан президенті көрменің сәтті өткізілуі оның тақырыбын толыққанды ашуға, көптеген елдердің қатысуына, келушілерді тартуға жаһандық әріптестер және демеушілермен жұмысқа байланысты болатындығын атап өтті. "Бұл мәселеде көрмені табысты өткізген португалдық Лиссабон, қытайлық Шанхай қалаларының тәжірибесіне қарау керек. Бұл елде ұйымдастырушылар көрмеден кейін обьектілерді қолдану, оны жалпықалалық жүйеге енгізу тәрізді мәселелерге дейін барлық сұрақтарды жан-жақты қарастыра білген. Әрі испандық Сарагоса, оңтүстік кореялық Йосудағы көрмелердің неге нашар өткендігін де білу қажет", - деді мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде тек 30 ел ғана көрмеге қатысатындықтарын нақтылап, тек 5 комиссарларын ғана анықтағандарына назар аударды. Әлі бірде-бір келісім-шартқа қол қойылмаған. "Барлықтарыңа мемлекеттік бюджеттің қалыптасу механизмдері белгілі. Егер біз шақырған қатысушылар қажетті қаржы салмаса, 2017 жылы мұны жасай алмайды. Тиісінше, олар шығындарды жылдық жоспарға қосу үшін алдын-ала келісімдерін алу керек", - деді Қазақстан Президенті. Осыған байланысты мемлекет басшысы сыртқы істер министрлігіне комиссарлармен бірге EXPO-2017 көрмесінің басөа елдердің қатысуын ресми түрде нақтылайтын жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды. Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешевке, энергетика министрі Владимир Школьникке, "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясына қатысушы- елдермен жұмыс кезінде олардың павильондарын ұйымдастыру, тақырыпты ашу үшін жағдай жасау жөніндегі сұрақтарды шешу жүктелді. Қазақстан Президенті альтернативті технология қолдану саласындағы 20 елге аса мән беру керектігін де айтты. Әрі көрмені таныстыру, қажетті құрылғылармен қамтамасу ету аясында Қазақстанның ірі халықаралық компаниялармен жұмысын пайдалану қажет.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024