Астана. 14 желтоқсан. 7kun.kz - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады. Кездесу кезінде Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Президентіне 2016 жылғы 11 айдағы қаржы нарығының нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Ұлттық банк басшысы теңге бағамының әлемдік негізгі валюталарға қатысты тұрақтанып келе жатқанын атап өтті. "Ұлттық банк соңғы айларда валюта саудасына қатысып отырған жоқ. Осылайша, айырбас бағамы Ұлттық банктің араласуынсыз, өте еркін жағдайда қалыптасуда. Нарықта құнсыздану қатері азайды. Теңге 3,4%-ға нығайды, негізінен бұл биылғы желтоқсанда мұнай бағасының көтерілуіне байланысты болып отыр", – деді Д.Ақышев. Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы биылғы қараша айының қорытындысы бойынша инфляция көрсеткіші қайтадан бір таңбалы санға оралып, 2016 жылғы 11 айда 7,5% болып отырғанын мәлімдеді. Президент ұлттық валютаның еркін айырбас бағамына көшуі былтыр оң нәтиже бергенін атап өтті. – Теңгенің енгізілген еркін айырбас бағамы өзін-өзі ақтады. Айырбас бағамы әлемдік бағаға байланысты болғандықтан, бірқатар ауытқулар орын алуы мүмкін. Алайда, біз тиісті шаралар қабылдауға әзірміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





