Нарықтық экономика құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рол атқарады. Қаржы — нарықтық экономиканың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және үтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы :зор.
Экономика адамзат қоғамының тарихын дамц сатыларында ерекше орын алады. Себебі адамдар өмір сүру үшін алдымен материалдық, рухани игіліктер өндіруі қажет. Қоғамның өндіргіш күштері даму барымында, алдымен адамдар еңбекке қабілеттері өсуіне байланысты алғашқы қауымның өзінде қосымша өнім пайдаланыс болуына сәйкес тайпалар арасында тікелей өнім айырбасы, кейіннен ақша арқылы айырбас жүргізіліп экономикада тауар – ақша қатынасы пайда болды.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржының мән-мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстарын мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіңдегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.
- Нарықтық экономиканың мазмұны мен мәні
1.1 Нарықтық экономиканың мәні.
Нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп ессптеледі, оны математикамен ген инженериясымен, электроникамен жеке адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Бірақ нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі формалары жеке әртүрлі тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін, мұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретіне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтың қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Сонымен бірге нарықтық механизм идеалды емес, оның елеулі қайшылықтары да бар. Оның жағымсыз жақтарына әлеуметтік жіктелу, әлсіздерге, әсіресе банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік, жұмыссыздықтың болуы жатады. Экономиканы бірыңғай сұрағымға ғана бағдарлап, нарық орны толмайтын табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етпейді. Сондықтан мемлекет қоғам атынан адамдардың дұрыс экологиялық жағдайда өмір сүру хұқын реттеп отыратын шараларды жүзеге асыруы қажет.
Реттелмейтін таза нарықтық экономика адамның еңбек ету, білім алу, табыс табу сияқты әлеуметтік-экономикалық хұқтарына кепілдік бермейді. Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді. Мемлекет бағаны реттеу, салық жүйесінің негізінде табысты қайта белу, бюджет шығындарының есебінен жұмысшыларды қайта мамандандыру, оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықты экономиканың қысымын жұмсартады. Бұндай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты саяси-әлеумсттік ахуалды ұстап тұру мүмкін емес.
Нарық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын, еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пай-далануды көздейді. Бірақ- көп қаржы мен уақытты қажет ететін анық жаңа бағыттарында стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды, өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық ғылыми-техникадық саясаты мен экономикалық көмегінсіз, ірі кәсіпорындар мек бірлестіктердін қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.
Енді нарық дегеніміз не? Ең алдымен осыны анықтап алайық. Нарық бүрын-соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жагдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл-әміршіл жүйенін идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды.
Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылыми-экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.-
Нарық - бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы эконо-микалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.
Нарық- бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасыкда тауар және қызмет көрсету процесіне байланысгы қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Нарық - тауарларды сатып алу - сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы. Нарық тауарды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады. Келтірілген көзқарастардың қай-қайсысы да жсткілікті түрде дәлелді, бірақ проблеманың бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе - ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың субъектісі -өндірушілер мсн тұтынушылар емес, сатушылар және сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша» нарықтық байланыстар сату-сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде, басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек, себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысандарда болатынын көрсететін экомомикалық байланыстар пайда болады.
Нарық қызметін тек қана айырбас саласымен шектеу - оны бәсеке, ең аз шығынға ұмтылуы, өзара тиімді өндірістік байланыстарды жасау сияқты маңызды қасиеттерімен айырады. Сонымен бірге, нарықты жай ғана тауар айырбасы емес, тауар өндірушілер мен тұтынушылардың қарым-қатынастарына тән қайтарымдылық, эквиваленттілік, бәсекелестік болатын айырбастың экономикалық өткізілуі ретінде қарау керек, Осы тұрғыдан алғанда, нарықты әртүрлі тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасында болатын экономнкалық байланыстар мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады.
Берілген анықтамада әңгіме, біріншіден, тек өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы жеке байланыс пен қатынас қана емес, сонымен қатар өндірушілердің, өндірушілер мен сатып алушы-тұтынушылардың, тұтынушылардың өздері арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы болып отыр. Екіншіден, бұл қатынастар мен байланыстар қайтарымдылықты, тепе-теңдікті, объективті түрде алдын-ала анықтайды, яғни шаруашылық серіктестерінің қатынас субьектісі ретіндегі тең құқылығын бейнелейді. Бұдан серіктестердің шаруашылық қызметтердің варианттарын және оңтайлы өткізу бағасын таңдаудағы, табыстарды иемденудегі дербестігі мен теуелсіздігі туындайды. Үшіншіден, алғашқы екі жағдайдың шубәсіз салдары-бәсеке-өндіріс процесінде де, тұтыну процесінде де болатын шаруашылық байланыстардың өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін. Себебі нарық бәсекесіз өмір суре алмайды. Ал бұл, сан алуан меншік формалары мен әртүрлі тауар өндірушілер болған жағдайда ғана мүмкін. Соның нәтижесінде, өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілетсіз шаруашылық бірліктерінен тазарады, ал басқа жағынан, тиімділігі жоғары және болашағы зор шаруашылық субъектілеріне жол ашады. Біздің ойымызша, нарықты бұлай түсіну, оның мүмкіндік сипатын толық қамтиды.
1.2 Нарық құрылымы.
Адамдардың әрекет ету ортасына (өндірістік, әлеуметтік, қаржы рухани) және сатып алу, сату ортасына қарай жалпы ішкі ұлттық нарықты шартты түрде бірнеше түрлерге бөлуге болады. Олар біртұтас болып табылатын ұлттық нарықтың жеке мемлекеттерін құрайды, бір-бірімен өзара байланысты және өзара теуелділікте болады. Мәселен өндірістік және өндірістік емес (әлеуметтік) салалар-өндіріс құрал-жабдықтары, тұтыну және жұмыс күші нарықтарын құрайды. Дегенмен, нарық түрлерін саралап көрсететін терең құрылым жасау факторы - нарық қатынастары объектілерінің экономикалық бағдары болып табылады. Осы фактор бойынша олар өндіріс құрал-жабдықтары, тұтыну және қызмет көрсету, қаржы (бағалы қағаздар, қарыз, валюта, капитал) еңбек ғылыми-техникалық, ақпарат, астыртын экономика нарықтары болып бөлінеді.
Нарықтық экономикаға қажетті элементтердің бірі - оның инфрақұрылымы. Ол нарықтың даму және оның қалыпты жұмыс жасау жағдайын қамтамасыз ететін ннституттардың (ұйымдар, фирмалар, мекемелер) жиынтығы түрінде көрінеді Нарықтың инфрақұрылымының элементтеріне тауар шикізат, қор, еңбек биржалары, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер, көтерме сара орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер жатады.
Ұлттық нарықты құру, оның дүниежүзілік нарық жүйесіне енуі-жоғары талаптар деңгейінде жасалған жолдар жүйесінсіз, транспорт пен байланыс құралдарынсыз жүзеге аспайды. Бұл салаларда бізде көптеген проблемалар мен шешілмеген сұрақтар барынша жеткілікті. Біздің елшіздің ішінде, көптеген әдеттегі шаруашылық байланыстар, жолдардың болмауынан және әртүрлі көлік: құралдарының бұл байланыстарға қызмет көрсетуге қабілетсіздігінен жеткілікті түрде өткізілмей отыр. Байланыс Құралдарынсыз, қажетті ақпараттық құрылымдарды да құру мүмкін шес. Нарықты экономика, қалааралық және халықаралық байла-нысты, телефаксты, автоматты жүйелерді және байланыс саласындағы басқа да ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалануды дамыған жақсартатын, жаңа техникалық негізде қайта құрылған байланыс жүйесін талап етсді.
Дамыған нарықтық инфрақұрылым кәсіпкерліктің барынша пайдалы бағыттары мен нысандарын іздеуді, едәуір жеңілдетеді. Мұндай инфрақұрылым әртүрлі субъектілермен, мемлекеттік контрактілік жүйенің қатысуымен банк несиесін» сонымен бірге Кұрылтайшылардың қаржыларында тарта отырып құрылады.
Нарықтың инфрақұрылым проблемасының өндіріс пен тұтынудың арасындағы пропорция және осы салалар бүкіл ұдайы өндіріс процестің дамуының объектквті заңдылықтары мен халық шаруашылығының барлық саласында ресурстарды ұтымды пайдалануды анықтау үшін өзекті маңызы бар.
Қаақстанның " Дағдарысқа қарсы шұғыл жане әлеуметтік-эконо-микалық реформаларды тереңдету бағдарламасында" нарықтық инфрақұрылымның инвестиция мен қорлары және холдингілері, сақтандыру компаниялары мен қорлары, аудиторлық фирмалар, консультация орталықтары мен фирмалар, сауда-өнеркәсіп палаталары, көлік-экспедиция, заң, консалтинг орталықтары мен фирмалары сияқты қызмет салаларын ұлғайтуға ерекше көңіл бөлінген. Бұл құрамалар бәсеке негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге алуан түрлі қызмет көрсету нарығын қалыптастырмақ.
Нарықтық экономиканың субьектілері
Нарықты экономиканы негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығы, фирмалар (кәсіпорындар) және үкімет жатады. Бұл субьектілердің бәрі рссурстар, қаржы және тұтыну нарықтарында бір-бірімен өзара әрекет етеді, сөйтіп көрсетілгендей шығындар мен табыстардың айналып жүруін құрайды.
Үй шаруашылығы, материалдық (жер және капитал) және адам (еңбек және іскерлік) ресурстарын өткізе отырып, оларды фирмаларға ресурстар нарығы арқылы ұсынады. Фирмалар тауарлар өндіру үшін қажетті ресурстарға сұранымды қояды. Сұраным мен ұсыныстың өзара әсері ресурстардың әрбір түріне нарықтық бағаны орнықтырады. Тұтыну нарығында үй шаруашылығы тауарларға сұранымын жариялайды және ресурстарды сатудан түскен табысын қажетті өнімдер мсн қызметтерді сатып алу үшін жұмсайды, ал фирмалар өздерінің өнімін өткізе отырып ақшалай табыс табады. Үй шаруашылығы өнім сатып алу үшін барлық табысын пайдаланбайды, оның белгілі бір бөлігін қор жасауға, сонымен бірге салық төлеуге және ресурстарды өтеуге жұмсайды. Фирмалар, өндірістік ресурстарды қосып және қимылға келтіре отырып өнім шығарады, қызмет көрсетеді, сөйтіп тауарларды ұсынуды қамтамасыз етеді. Ал оларды нарықта сату фирмалардың ақшалай табысын құрады Фирмалар, үй шаруашылнга сияқты тапқан табыстарын шығыммен ресурстар үшін ақы төлеуге пайдаланбайды оның бір бөлігін салық төлеуге, қарыз процентін өтеуге, басқа бөлігін инвестициялық мақсатқа жұмсайды. Табыстарын шығындардың айналып журуіне жалпы мемлекеттік деңгейден аймақтық деңгейге дейін елді басқару және экономикалық реттеу қызметін атқаратын үкімет елеулі түрде есер етеді. Үкімет фирмалардан салық алады, жекелеген кәсіпорындарға жәрдем қаржы, жәрдем ақша береді және кәсіпкерлерден қажетті ресурстарды сатып алады. Сонымен біргс үкімет еңбекпек қамту саясатын жүргізеді, ұлттық өнімнің динамикасына және құрылымына, инфлияция деңгейіне, табыстарды қайта бөлуге әсер етеді. Салықтан түскен ақша құралдарын шоғырлай отырып, үкімет жалақы төлейді, трансферттік төлемдер (мемлекеттік зейнетақы, табысы аз адам-дарға төленетін қаражат, жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақша) жасайды және экономиканың тиімді дамуы үшім мемлекеттік қызмет көрсетеді, Табыстар мен шығындардың шеңбер айналымы барлық уақытта қозғалыста және балансыланған жағдайда балады, түптеп келгенде, ол өндірістің, табыстың және жұмыспен қамтудың жалпы көлемін көрсетеді.
- Нарық жағдайындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты.
2.1 Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметтері.
Нарық жағдайында тауар ретінде еңбек өнімінің нарығы мойындаған еңбекақы төлемі жұмсалған шығындарға емес, еңбектің нәтижесіне төленеді. Тауарларды өткізуден түскен қаражаттар тауар өндірушілердің еңбегінің саны мен сапасын бағалаудағы және олардың жеке табыстарының негізгі көін бағалаудағы жоғарғы белгі болып табылады. Қазіргі уақытта, Қазақстанда еңбекақыны реформалау (өзгерту), мемлекеттің кепілделген ең қысқа күнелту деңгейін қамтамасыз етумен және ақы төлеудің жоғарғы деңгейінен, шектеулерді жүйелі түрде алып тастаумен байланысты. Еңбек қатынастарын реттеудің нормасы болып тарифтікі келісімнің және ұжымдық келісім-шарттың негізінде жасалған жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың арасындағы, жұмысшылар мен қызметшілердің арасындағы еңбекақы төлеу бойынша келісім-шарттың қағидасы табылуы керек.
Реформада міндетті төлемге жататын мемлекеттік әлеуметтік норматив тәрізді еңбекақының ең аз мөлшері бекітілген. Ең төменгі еңбекақы ең төменгі тұтыну бюджетінің негізінде тағайындалады және әлеуметтік факторларға байланысты сараланады.
Ең төменгі еңбекақының экономикалық мағынасы өнімді еңбектегі және жұмыс күшін ұдайы өндірудегі жұмысшының қабілеттілігін қолдануды білдіреді. 1992 жылдан бастан экономиканың барлық салаларына бірыңғай тарифтік тор еңгізу керек туралы еңбекақыны төлеудің сұрақтарымен Үкімет қанша айналысса да, еңбекақы ұйымдастырудағы кемшіліктердің пайда болуы заң және нормативтік актілердің жоқ болуына байланысты. Әрине, мұнымен барлық мәселе шешіле қоймайды, сондықтан еңбектің мәртебесін көтеретін, мамандардың және ғалымдардың бірлескен күштерінің көмегімен еңбекақының жолдарын дұрыс анықтай аламыз.
Еңбекшілер табысын кепілденген деңгейін қорғауды жүзеге асыратын бірыңғай тарифтік тор еңбекақы төлеу реформасының негізі болып табылады.
Осының нәтижесінде, оның базалық бөлігі болып, халық, шаруашылығының саласындағы әрбір жұмысшыға кепілденген минималдық еңбекақы табылады. Еңбекақының екінші бөлігі (бонустар, өтемдік және тағы да басқа төлемдер) ұйымдарда, кәсіпорындарда және салаларда балдық жүйемен бағаланатын, разрядқа, біліктілік топқа, атаққа және дәрежеге байланысты, жұмысшылардың еңбек стаждарына, біліктіліктеріне, қабілеттіліктеріне және қолда бар ақшалардың мөлшеріне байланысты төленеді.
1993 жылдың 1-қаңтарынан бастап, бірыңғай тарифтік тор халық шаруашылығындағы кызметкерлердің барлық дәрежесіне қосылған болатын.
Бірыңғай тарифтік тордағы бірінші разрядтағы жұмысшылардан бастап, басшылардан аяқталады, қызметкерлерінің разрядтарының тарифтік коэффициенттерінің мәтіні көрсетіледі.
Еңбекақы төлеудің разрядтары | Тарифтік коэффициенттер |
1 | 1,0 |
2 | 1,07 |
3 | 1,15 |
4 | 1,24 |
5 | 1,33 |
6 | 1,43 |
7 | 1,54 |
8 | 1,66 |
9 | 1,78 |
10 | 1,91 |
11 | 2,05 |
12 | 2,20 |
13 | 2,37 |
14 | 2,55 |
15 | 2,74 |
16 | 2,95 |
17 | 3,17 |
18 | 3,41 |
19 | 3,67 |
20 | 3,94 |
21 | 4,24 |
Бірыңғай тарифтік торда 21 тарифтік разряд бар. 21 тарифтік разряд халық шаруашылығында жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге таратылады. 21 тарифтік разряд шаруашылықтағы жүргізу нысанына, меншік нысанына және бюджеттік ұйымдарға тәуелсіз барлық кәсіпорындарға арналған:
♦ 1-8 разрядтар бойынша — жұмысшыларға төлем;
♦ 6-15 разрядтар бойынша-сызықтық қызметкерлер;
♦ 4-11 разрядтар бойынша - орта білімді мамандар;
♦ 7-15 разрядтар бойынша-жоғары білімді мамандар
♦ 10-20 разрядтар бойынша - кәсіпорынның басшылары, бөлімдердің, функционалдық қызметтердің басшылары;
♦ 9-21 разрядтар бойынша — ғылыми қызметкерлер.
Жұмысшылардың дәрежесі халық шаруашылығының барлық саласындағы еңбек процесінде орындалған жалпы қызметтердің бағдарына байланысты болған соң, жұмысшылардың дәрежесі бір топта көрсетіледі.
Қазақстан Республикасындағы бюджеттік салаларындағы қызметкерлердің еңбекақыларына арналған бірыңғай тарифтік тор қызметкерлердің дәрежесін, міндетін, разрядтар санын (21) және разрядтарға қатысты тарифтік коэффициенттерін көрсете отырып, әр түрлі топтардағы қызметкерлердің еңбекақысындағы ара-қатынастардың мәтінін көрсетеді.
Тарифтік торға тарифтік коэффициенттердің абсолюттік және салыстырмалы өсуі, разрядтардың саны және диапазон (ауқым) жатады.
Қазақстанда экономикалық реформаны жүргізу кезінде, кәсіпорындарға еңбекақы төлемдерін өздері еркін реттеген. Мемлекеттің бюджет саласындағы қызметкерлерге еңбекақы төлеу бойынша бірыңғай тарифтік тор көрсетілген. Еңбекақы күрделі еңбекті жақсы ынталандыру үшін, кәсіпорындарда жауапкершіліктің деңгейі, орындалатын жұмыстың күрделілігі, қызметкердің біліктілігі және еңбекақының деңгейі арасындағы тікелей байланыстарды орнатқан.
Сонымен Қазақстанның қазіргі жағдайында, еңбекақыны реттеудің және жоспарлаудың сұрақтарын шешуде мына есептерге көңіл аударылуы қажет:
■ Кәсіпорынның нарықтық қызметінің және оның пайдалылығының нәтижесі;
■ Кәсіпорынның кадрлық саясатының есебі;
■ Мамандыққа байланысты қызметкерлердің, арасындағы, облыстар, аймақтар арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі;
■ Кәсіподақтардың бәсекелестердің және мемлекеттердің әсерлері;
■ Байланыс саласындағы кәсіпорындардың саясаттары және т.б.
Кәсіпорындарды еңбекақыны төлеуді оңтайлы ұйымдастыру қызметкерлердің қызметін және еңбектің нәтижелерін ынталандыруға, өнімнің рентабельділігін және пайдалылығын, дайын өнім және еңбек нарығының бәсекеге кабілеттілігін қамтуға мүмкіндік береді.
Еңбекақы төлеудің оңтайлы ұйымдастырылуының мақсаты — кәсіпорынның шаруашылық қызметінің, нәтижесіндегі қызметкердің еңбектік салымы мен еңбекақы төлеу шамасының арасындағы сәйкестілікті қамтамасыз ету, яғни тұтыну шамасы мен еңбек шамасы арасындағы сәйкестікті бекіту.
Көптеген қазақстандық кәсіпорындарда еңбекақы төлеуді ұйымдастыруының негізіне мынадай басты қағидалар тиісті:
♦ Еңбектің саны мен сапасына байланысты еңбекақыны жүзеге асыру;
♦ Кәсіпорынның салалық және аймақтың қажеттіліктеріне, еңбек жағдайына, қызметкердің біліктілігіне байланысты еңбекақыны саралау;
♦ Нақты еңбекақының ретті жоғарылауы, яғни көрсетілген еңбекақының өсу қарқыны кезінде инфляциядан жоғарылап кетуі;
♦ Еңбек өнімділігі өсу қарқынының орташа, еңбекақының өсу қарқынынан артып кетуі.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңы 2000 жылдық 1 қаңтарынан бастап іске асырылған. Бұл заңға сәйкес, жұмыс беруші мен жұмыскердің еңбектік арақатынастары нормативтік құқықтық актілермен және еңбек заңдылықтары бойынша келісілген жеке еңбек заңдылықтары бойынша келісілген жеке еңбек шартымен, ұжымдық шартпен реттеледі.
Жеке еңбек шартының мазмұны
Жеке еңбек шартында:
■ Тараптардың реквизиттері:
Жұмыс беруші — заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері, жұмыс беруші - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттік тіркеу нөмірі мен уақыты;
Жұмыс берушінің (оның өкілінің) тегі, есімі, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қызметі, ал жұмыс беруші - жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы, басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні;
Қызметкердің есімі, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні; әлеуметтік жеке кодының нөмірі (ӘЖК), салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТН);
♦ Еңбек міндеті (белгілі бір қызмет, мамандық кәсіп бойынша жұмыс);
♦ Жеке еңбек шартының мерзімі;
♦ Еңбек міндеттерін жүзеге асыру басталатын күн;
♦ Еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр дене жұмысын немесе зиянды қауіпті жағдайлардажұмыс істегені үшін берілетін кепілдіктер мен өтемақылар;
♦ Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі;
♦ Еңбекақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары;
♦ Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
♦ Қызметкердің құқықтары мен міндеттері;
♦ Жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртібі;
♦ өтемақылар төлеу мен кепілдіктер беру тәртібі;
♦ тараптардың жауапкершілігі көрсетілуі тиіс.
Еңбекақы
■ Жұмыс беруші осы Заңға, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбеккердің еңбегіне ақы төлеуге міндетті.
■ Қызметкерлердің еңбегіне ақы мерзімдік, кесімді түрде немесе еңбекке ақы төлеудің өзге де жүйелері бойынша төленеді. Ақы төлеу еңбектің жеке және немесе ұжымдық нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін.
■ Қызметкердің жалақысы орындалатын жұмыстың саны мен сапасына, күрделілігіне қарай белгіленеді.
Қызметкердің өндіріс тиімділігі мен жұмыс сапасына. арттыруға материалдық мүдделілігін күшейту үшін жыл ішіндегі жұмысының қорытындысы бойынша сыйлық, сыйақы беру жүйесі және материалдық көтермелеудің басқа да нысандары ендірілуі мүмкін.
- Ұйымдарда еңбекке ақы төлеу жүйесі жымдық шарттармен немесе жұмыс берушінің актілермен белгіленеді.
- Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігі жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің біліктілік анықтамалығы, қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы негізінде белгіленеді. Аталған анықтамалықтарды әзірлеу мен қолданудың тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Орындалған жұмыстарды белгілі бір күрделі жұмысқа жатқызуды және қызметкерлерге біліктілік разрядтарын беруді жұмыс беруші жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің біліктілік анықтамалығының және қызметшілер лауазымдарының анықтамалығына сәйкес дербес жүргізеді.
Еңбекақының мөлшері
Еңбекақының мөлшерін жұмыс беруші дербес белгілейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем болмауы керек.
Қызметтерді қоса атқару (қызмет көрсету аймақтарын кеңейту) және жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау кезіндегі жалақы:
♦ Белгілі бір ұйымда өзінің жеке еңбек шартымен келісілген негізгі жұмысымен қатар өзінің негізгі жұмысынан босатылмастан басқа қызмет немесе уақытша болмаған қызметкердің міндеті бойынша қосымша жұмысты орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы төленеді.
♦ Қызметтерді қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені) немесе жұмысты уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін қосымша ақылардың мөлшерін қызметкермен келісім бойынша жұмыс беруші белгілейді.
Мерзімнен тыс жұмыстарға, мереке және демалыс күндеріндегі жұмыстарға ақы төлеу. Түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу:
Мерзімнен тыс жұмысқа ақы бір жарым есе мөлшерінен кем төленбейді.
Мереке және демалыс күндеріндегі еңбекақы екі еседен төмен болмайтын мөлшерде төленеді.
Мереке және демалыс күндеріндегі жұмыстарға төленетін өтемақы қызметкердің тілегі бойынша қосымша демалыс күнімен ауыстырылуы мүмкін.
Түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына ақы бір жарым есе мөлшерінен кем төленбейді.
Бос тұрып қалған уақытқа ақы төлеу:
Жұмыстың бос тұрып қалған уақытына ақы төлеудің тәртібі мен талаптары жеке еңбек немесе ұжымдық шарттармен белгіленеді.
Қызметкердің кінәсінен бос тұрып қалған уақытқа ақы төленбеуге тиіс.
Еңбекақы төлеу мерзімдері:
■ Еңбекақы бір айда кем дегенде бір рет төленуі тиіс. Еңбекақыны төлеу күндері жеке еңбек, ұжымдық шарттарда қарастырылады.
■ Еңбекақы төлейтін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген жағдайда, оны төлеу олардың қарсаңында жүргізіледі.
■ Жұмыс берушінің кінәсінен еңбекақы, ал қызметкерлермен жеке еңбек шарты бұзылған кезде — оған тиесілі басқа да төлемдер белгіленген мерзімдермен салыстырғанда кешіктірілген кезде жұмыс беруші қызметкерлерге берешек пен өсімақы төлейді. Өсімақының мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша белгіленеді және жүргізілуге тиіс болған күннен кейінгі уақыттан бастап әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін есептеліп төленген күнмен аяқталады.
■ Жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда қызметкерлерге тиесілі барлық сомаларды төлеу жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
2.2 Жұмыссыздық және оның шешу жолдары.
Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен тығыз байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.
Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін анықтайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды.
Өйткені жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені тудыратыны болса керек. Менің жұмысымның мақсатына осы жатады.
Анықтама бойынша жұмыссыздық – халықтың активті бөлігінің жасауға қабілетті жұмыс таба алмауы.
Жұмыссыздық негізінен жұмыс орнына сай келетін адамдардың азаюынан, адамдардың санының көбеюінен пайда болады. Жұмыссыз ретінде жұмыссыздар биржасында тіркелген, жұмыс табуға нақты мүмкіндігі жоқ адамдар айтылады.
Жұмыссыздықтың келесі түрлері бар:
- Фрикционды
- Структуралық
- Циклдық
- Сезондық
- Аймақтық
Фрикционды жұмыссыздық. Бұл жұмысшының бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысуынан пайда болады. Бұл экономикада тұрақты түрде болады. Бұл жұмыссыздықты ақпараттық қамтамассыз ету арқылы, жұмыс берудің структурасын жақсарту арқылы жетуге болады.
Структуралық жұмыссыздық. Бұл сұраныс структурасы мен өндіріс технологиясы өзгеруінің салдарынан болады. Ол негізінен жаңа процестер есебінен жұмысшылардың профессиясын жаңартуға итермелейді.
Циклдық жұмыссыздық. Бұл өндірістің циклды түрде төмендеуімен байланысты болады. Сонда өндірісті аздаған инвестицияның есебінен өсіруге болады. Өйткені еңбек ресурстары өте көп.
Жұмыссыздық пен өндірістегі шығындар арасында Оукен заңдары жүреді. Ол=ВНП*2,5%*потенциальный выпуск.
Өнім шығару потенциалды деңгейден төмен болғанда, шығындар қатты сезіледі. Бұл мемлекеттің салық төлемдерінен қағылуына алып келеді.
Өтпелі кезең – эконмикалық жүйедегі түбегейлі өзгерістер есебінен елдің экономикасы сапалы түрде жаңа түрге өтетін уақыт аралығы.
Мұндай кезеңді ТМД елдерінің барлығы өтті. Ел тұрғындырының нақты табысының азаюы экономикалық төмендеудің негізі болып табылады. Тап осы жұмыспен қамту саласында тұрақты экономика мен өтпелі экономика арасындағы айырмашылық айқын сезіледі. Өтпелі кезеңдегі өндірістің төмендеуі адекватты түрде жұмыссыздықтың өсуіне әкелмейді. Ал бұл еңбек өнімділігі нақты жалақыға қарағанда тезірек төмендеуі инвестиция салудан экономика жағдайы жақсармайды. Экономиканы сауықтыру шаралары мен классикалық теория ұсынатын әдістерін жоққа шығарып жалақы өсіру пайда әкелмейді. Сонымен қатар өтпелі экономикадағы елдердің жағдайын ескере отырып, онда статистика мәліметтері мен нақты жағдайдың арасындағы алшақтықты ескеру қажет.
Бұл жағдайларды зерттеу арқылы біз осындай өтпелі процестерді реттеу механизмдерінің барлығын ескеру қажет. Механизмдер ретінде мынадай әдістерді қолданамыз: жалақыны мемлекет тарапынан реттеу, жұмыс берушімен мемлекеттен тәуелсіз кәсіподақтар ықпалымен жалақының өсуі.
Бірақта көбіне жалақыны жұмыс берушілердің арасындағы корпоративті байланыстрдың арқасында жұмыс берушілер өз талаптарына сай қояды. Бұл өз кезегінде монополиялық және олигаполдық механизмдердің күш алуына әкеліп соғады. Осы өтпелі кезеңді өтуі үшін екі типтегі мәселелерді шешу қажет,
- теңсалмақты экономиканы құру, негізінен макроэкономикалық өзгерістер арқылы шешіледі, яғни нарықты әртүрлі ресурстарға толтыру.
- жоғарыдағыдан туатын нарықтық экономиканы экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күшіне айналдыру, ол үшін технологиялық прогрес қажет.
Көбіне жұмыссыздықтың экономикалық әсері сипатталады да, кумулативті характерге ие әлеуметтік әсері ескерусіз қалады. Бірақта жұмыссыздықтың елдің жағдайына тигізетін әсері көбіне әлеуметтік жағдаймен өлшенеді.
Енді сол салдарларға тоқталсақ:
Кері әсерлер:
- Крименогенді жағдайдың өршуі
- әлеуметтік кернеудің өршуі
- физикалық және психологиялық аурулардың көбеюі
- әлеуметтік дифференцияның өсуі
- Еңбек белсенділігінің төмендеуі
Пайдалы әсері:
- Жұмыс орнының әлеуметтік маңызының артуы
- Өз бос уақытының көбеюі
- Жұмыс орнын таңдаудағы еркіндік
- Әлеуметтің мән мен еңбек құндылығының артуы
Экономикалық салдарлар:
Кері әсерлер:
- Алған білімнің құндылығын жоюы
- Өндірістің төмендеуі
- Жұмыссыздарға көмек шығындары
- Квалификациясын жоғалту
- Өмір сүру деңгейінің төмендеуі
- Ұлттық табыстың төмендеуі
- Салықтың аз жиналуы
Пайдалы әсері:
- Экономиканы қайта жарақтауға жұмыс күшінің резервін жасақтау
- Еңбекке бейімділігін өсіру мақсатында жжұмысшылар арасында конкуренция
- Білімін жоғарылату үшін уақыт
- Еңбек өнімділігі мен өндіріс интенсивтілігі жоғарылауы
Тәуелсіздік алғалы бері елде еңбек рыногына әсер ететін бірқатар факторар пайда болды. Соның бірі көлеңкелі экономика. Бұл салаға бастама берген негізінен жұмысшыға жасырылған ақы төлеп немесе еңбек етуге қолайлы жағдай туғызбағандықтан мемлекетке салық төлемейтін сектор жатады.
Бұған ең алдымен ел экономикасы көтерілгеннен бері елге ағылған босқындар, гасторбайтерлер жатады. Қазір нақты қанша көлемде мұндай жұмыссыздық түрі барлығын ешкім тап басып айта алмайды.
Сонымен бірге Қазақстан үшін жастар арасындағы жұмыссыздық ең бір бас ауыртар мәселе, елде оқымайтын және жұмыс жасамайтын жастар саны жалпы активті бөліктің сегізден бір бөлігін құрайды.
Ал әйелдер ең бір активті топ болып табылады, бірақта онда да жұмыссыздық бар және ол негізінен жасырын жұмыссыздық қатарына жатқызуға болады.
Қазір көптеген мекемелер әлдеқашан ұмытылған проблема жұмыс кадрларының қажеттігіне ұшырады.Бұрын олар өте көп болса, қазір олар әртүрлі салға кетуіне, квалификациясы төмендеуіне байланысты өте аз. Ал бар жұмыс іздеушілердің квалификациясы жоқ немесе өте төмен. Сонда қоғам бір біріне қарама қарсы екі түрлі ауруға шалдығуы мүмкін:
- кадр дефициті
- жұмыссыздық.
Университеттер, училишщелер,колледждер мен өндіріс орындарының тіл табысуы бұл мәселені шешуі мүмкін. Осы тұста мемлекетке осы секторды басқару үшін белгілі бір стратегия қажет.
- жұмысшыларды мемлекеттен тыс әдіспен орналастыру, бұл әдіс негізінен натуралды шаруашылықтарға тән.
- жұмыссыздық әсерін төмендету, бөл жерде жұмыс жасайтын сектор зардап шегеді, себебі жөмыссыздарға берілетін өтемақы салық есебінен алынады.
- Жұмыс орындарын ашу. Бұған келісу қиын өйткені ол кедей елдерден имигранттар келуін көбейтпесе ашылған жұмыс орындарға жергілікті жұмыссыздардың бара қоюы екіталай.
Жоғарыда аталған әдістерден басқа қоғамдық реттеу әдісі де бар. Ол қоғамдағы басқа жұмыссыздыққа әсері бар факторлар:
- Білім беру
- жұмыс табуға көмек т.б.
Бұл факторларды қолдана отырып сыртқы жұмыс іздеп келушілер мәселесін де еске алған жөн.
Жоғарыдағы айтылғандардан екі түрлі қорытынды шығады.
- Бізде жұмыссыздық бар, ол мәселе шешім күтеді.
- Жұмыссыздық қарама қайшылықтарға толы.
Біздегі жұмыссыздық, жалпы алғанда жұмыссыздық жұмыс күштерін резервациялайтын қойма ролін атқарады. Әртүрлі структуралық өзгерістерге ұшырау салдарынан пайда болған артық жұмыс күші, әрине, белгілі бір уақыттан кейін басқа салаларды меңгеру арқылы жұмыс табады. Бірақ ол үшін оларға мемлекет және қоғам тарапынан көмек қажет.
Қарап отырсақ, біздегі жұмыссыздық екі түрлі қарама қайшылыққа кездеседі. Біріншісі кадр тапшылығы болса екіншісі белгілі бір салаларда оның артықтығы. Осы мәселелер ең бір шешім қиын мәселелер, дегенмен, оны да жоғарыда айтылған үлкен қоғамдық өзгерістер шешеді.
- Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік – экономикалық саясатты қолдау жолдары.
Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.
Нарықтық қатынастарға кешу барысында қаржы жүйесінің рөлі мен маңызы шұғыл артады. Қаржы-кредит нарықтық механизмдердің неғұрлым тиімді жүмыс істейтін секторларының біріне айналуы тиіс.
Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі — үлттық табысқа, макро және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.
Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен анықталады, соңдықтан тұрақтану мен дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі жалпы экономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарында —өндірістік қатынастарды жетілдіру экономиканы жетілдіру экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылығының құрылымын жаңғырту ғылыми, техникалық прогресті тездеті.
Сыртқы экономикалыкқ қызметті жандандыру, шікі өндіріс есебінен тұтыну рыногын толықтыру проблемасын шешу шаралары тұр. Қаржы шараларының ішінде инвестицияларды оңтайластыру, басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде үнемдеу режімін қатаңдандыру қажет: экономиканың төменгі деңгейінде — залалдылықты болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет.
Қазіргі жағдайдағы қазақстандық экономикада ақша-несиелік реттеу сұрақтарының өзектілігі белгілі бір деңгейде ақша-несие саясатын жасау кезінде талдау және болжау әдістерін, сонымен бірге оны іске асыру механизмдерін жетілдіру қажеттіліктерімен анықталады.
Ұлттық банктің пайыздық саясаты нарықта сапалы параметрді белгілеу жолымен ақша айналысын реттеудің маңызды құралы қызметін атқарады. Банктік несиелер қунын реттеу арқылы ақша айналымына тез және адекваттық әсер етуге қол жеткізуге болады. Ұлттық банктің несие құнына әсер ету мүмкіндігі оның соңғы сатыдағы кредитор қызметін қамтамасыз етеді.
Несие бойынша сыйақы ставкалары ақша-несие саясатын бір құралы ретінде нарықтық сыйақы ставкаларына әсер ету үшін пайдаланылады. Осы құрал Қазақстанның Ұлттық банкісінің белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкаларынан және оның іске асыратын операциялары бойынша тағы басқа сыйақы ставкаларынан тұрады. Ресми сыйақы ставкалары несие бойынша сұраныс пен ұсыныстан құралатын нарықтың жалпы жағдайына, инфляция деңгейіне тәуелді. Қазіргі кезде ресми сыйақы ставкаларының төмендеу тенденциясы байқалуда.
Позитивті пайыздық ставканы Қазақстанның экономикасын және қаржысын сауықтырудың кепілі деп жиі айтылатынын атап өткен жөн. Шынында да позитивті пайыздық ставка инфляцияға қарсы қызметті орындауға қабілетті, себебі ол жинақтарды ынталандыру нәтижесінде пайда болатын сұранысты тежейді және несиені қымбаттату арқылы инвестициялық салымдарды шектейді.
Қорытынды
Экономикалық Қатынастар жүйесіндегі дамушы елдердің, соның ішінде Қазақстанның өнеркәсібі дамыған жэне «жаңа индустриялды елдердің» экономикалық қарым-қатынастары, валюта-қаржы және қарыз-несие қатынастары, төлем балансы, болашағы зор халықаралық экономикалық интеграция мәселелері қаралған. Әрине, әлем экономикасындағы динамикалы жаңа үлгілі процесс-құбылыстар оңайлықпен жүріп жаткан жоқ. Олар бәсекелі қайшылықта, диактикалық қозғалыс жаңарған, өзгеріс-өрлеу денгейіндегі дүниежүзікөлеміндегі құбылысқа толы процестербайланысының субъектісі болуына оған ешкім мүмкіндік те берген жок еді.
Ал осы дәуірде Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында халықаралық экономикалық қатынастардың өрлеу негізіндегі ғылымын қолға алып, оны оқытуды басты мәселеге айналдырып, өмір жүзінде қолданылып отыр.
Еліміздің сыртқы экономикалық байланысын орнықтырып дамытудың қазіргі кезеңі, сол қатынастардың нысандары мен әдістерін, методологиясы мен тәсілдерін түбегейлі өзгерту қажеттілігімен айқындалуда. Әлем экономикасына интеграциялау негізінде меншік түрінің қандай түрінде болсын, отандық жүздеген фирмалар мен кәсіпорындар халықаралық экономикалық қарым-қатынастарға қосылып, оның белсенді мүшесі болуға ұмтылуда. Дегенмен, қазақстандық өндірушілер мен тұтынушылардың дүниежүзілік сауда-саттық процесіне еркін адымдап кіруіне, экономикалық интеграцияның шарапаттарын пайдалануына кедергі боларлық себептер де жоқ емес. Сол себептердің бірі: халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы бай тәжірибені екшейтін, әлемдік нарықтық ерекшеліктерін талдайтын қазақ тіліндегі оқу құралдардың тапшылығы. «Әлем экономикасы»- оқулығы мемлекеттік тілде, толық сипатта, «Типтік программа» негізінде ең алғаш өмірге келді.
Әдебиеттер тізімі.
1.Саяси экономия - Алматы, Ана тілі, 1991 ж.,
2.Қазіргі заманғы нарық: табиғаты және дамуы , МГУ, 1992 ж, 81 б.)
- Экономическая теория. Под ред. В.Д. Камаева. М.:1999.
- Общая теория денег и кредита: Учебник / Под ред. Е.Ф. Жукова. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1995
5.Мировая экономика. М. 2005 г.
- Булатов Р. Экономика. М. 2005 г.
7.Сахариев С. Әлем экономикасы. Алматы, 2006 ж.
8.Сахариев С. Жаңа кезең экономикасы. Алматы, 2005 ж.
9.Шеденов Г. Жалпы экономикалық теория. Алматы, 2005 ж.
10.Мәуленова Г. Экономика. Алматы, 2005 ж.
11.Осипова О. Экономикалық теория. Алматы, 2005 г.
12.Экономика. М., 2005 г.
13.Әлем экономикасы. Алматы, 2006 ж.
- Жүнісов. Б «Нарықтық экономика негіздері» Алматы 1994
- Исқалиев М. Д. Экономикалық теория негіздері (оқу құралы) Алматы: “Ақыл кітабы”, 1998. – б.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024