Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нарықтың экономикалық мәні мен маңызы

Нарықтың экономикалық мәні мен маңызы

Сұраныс пен ұсыныстың көлеміне, фирма шығыны мен табысына және пайдасының деңгейіне, ел тұрмысына, ұлттық табыс пен инвестиция серпініне, қоғам өндірісінің дамуына, т.б. көптеген маңызды көрсеткіштерге баға тұтқалы ыкпал тигізеді. Сондықтан баға адам өмірінде негізгі роль атқарады деген қағида орын алған. Бағаның осы тұтқалы ролі барлық қоғам жүйелеріне бірдей тән. Алайда қоғам жүйелерінің әрқайсысында баға теориясы мен тұжырымдамасы, оның әдістері мен тәсілдері әр түрлі. Мысалы, бұрынғы Кеңес Одағында бағаның негізі ретінде қоғамдық құн болатын. Ал қоғамдық құн қоғамдық қажетті еңбек немесе қоғамдық қажетті шығындар арқылы есептелді. Қоғамдық қажетті шығындар іс жүзінде әрбір өндіріс саласының орта шығындары ретінде есептелетін. Бұл шығындарға әрбір саланың пайда нормативі қосылып баға деңгейі белгіленетін. Ал пайда нормативі мемлекетке (бюджетке) қажет, басқаша айтқанда, материалдық және материалдық емес (қызмет көрсететін) қоғамдық салаларды дамыту үшін, қоғамды әлеуметтік тұрғысынан дамыту үшін қажет қаражатына сәйкес белгіленетін. Демек, қоғамдық қажетті шығындар қоғамды және әрбір саланы дамыту үшін қажет қаражатқа (шығындарға) сәйкес есептелетін. Сондықтан бұл баға тұжырымдамасы ғылым жүзінде шығын түжырымдамасы деп орынды аталған еді. Өйткені баға белгілеуші көрсеткіштердің екеуі де (қоғамдық шығындар да, пайда нормативі де) шығындарға негізделген. Бағаның осы шығын тұжырымдамасы түбінде шығын (нәтижесіз) экономикасына әкеліп соқты. Негізінде шығын белгілі нәтижеге жету үшін жұмсалуы тиіс еді. Алайда шығын   шығынды көбейте берді. Өйткені экономика нәтижені емес, шығынды көбейтуге бағытталған еді. Әрбір министрлік өзінің қоғамдағы орнын күшейту үшін неғұрлым  көбірек  қаражат  талап  ететін.   Сондықтан   ол каражаттың қажетін негіздеп, оны алуға тырысты. Салмағы ең ауыр   машиналар   өндіріліп,   алып   құрылыстар   салынды. Алайда оларға кеткен шығындардың нәтижесі ойдағыдай болмады. Ол алып кәсіпорындардың өндіріс қуаттары толық игерілмей, салмағы  ауыр техниканың өнімділігі оған кеткен шығындарды ақтамады. Кеңес Одағы металл өндірісі көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орынға шыққан. Бірақ ол металдан өндірілген өнім саны мен сапасы дамыған елдерден анағұрлым кем болды. Демек, шығын нәтижелі болмады. Шығын  шығынды  көбейтіп,   өндіріс  нәтижесі  төмендеп, шығынды экономика қалыптасты деген тұжырым осыдан шықты.   Енді,  міне  нарық экономикасына  көштік.   Баға бұрынғыдай орталықтан белгіленбейтін болды. Өйткені жеке меншік өндірісіне ауыстық. Әрине, мемлекет    әрбір жеке меншік кәсіпорынға баға бекіте алмайды. Ол мүмкін емес. Екіншіден,   ол   дұрыс   та   емес.   Өйткені   жеке   меншік кәсіпорынның дербестігі бұзылып, олардың мүддесіне қайшы келіп, өндіріс тежелетін еді. Нарық экономикасында мемлекет кәсіпкерлерге   еркіндік бере отырып, бағаны реттеу үшін көбінесе тікелей әкімшілік әдістеріне қарағанда, экономикалық (жанама, яғни салық, несие пайызы, инвестиция,   қаржылай көмек т.б.с.с. саясаттар арқылы) жанама әдістерін қолданады. Кәсіпорындарында баға белгілеу әдістері мен тәсілдері де өзгереді. Сайып келгенде, нарық жағдайындағы шаруашылықты жүргізу мәдениеті мен әдістері мүдде басқаша болуы керек. Соған  байланысты баға жасау теориясы мен  тәжірибесі өзгеріп,    ол коммерциялық баға құру болуы тиіс. Әрине, коммерциялық баға құру ісі біздің еліміздегі кәсіпкерлер үшін бұрын-соңды болмаған жаңа жұмыс екені даусыз. Ол бұрынғы шығынға негізделген баға белгілеу практикасын жоққа шығарады. Мемлекет баға кұру жұмысының тізгінін өз қолынан алып, кәсіпорындарға тапсырды. Кәсіпорындар ол тізгінді дұрыс пайдалану үшін үйреншікті шығын әдістерімен қоштасып, коммерциялық баға құруды игеруі тиіс.

1. Нарықтың экономикалық мәні мен маңызы

1.1  Нарықтың мәні және қызметі

Нарықтық экономика және нарықтық қатынастар қызметінің негізі ретінде тауар-ақша қатынастары болып табылады. Сондықтан, нарықтық шаруашылықты тауарлық өндірістің дамуындағы оның ең жоғары сатысы ретінде қарастыру қажет. Нарықтық экономика - пайда табуға негізделеді...

Нарық пен нарықтық қатынастардың мәнін «нарық» ұғымының екі түрлі мағьшада қолданылатынын ескере отырып анықтаған жөн. Біріншіден, өзінің төл мағынасында нарық айырбас, айналыс сферасындағы өнімді сатуды (өткізуді) білдіреді. Екіншіден, нарық - адамдар арасындағы өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процесін қамтитын экономикалық қатынастар жүйесі болып табылады.

Нарық, меншіктің әр түрлі пішіндерін, тауар-ақша байланыстары мен қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген экономика қызметінің күрделі нарықтық механизмі ретінде таңбаланады.

Айналыстан басқа, нарық жөне нарық қатынастары төмендегілерді қамтиды:

- екі субъект арасындағы өзара қатынастың нарықтық негізде іске асырылуы кезіндегі фирмаларды, кәсіпорындарды жөне экономиканың басқа да құрылымдарын жалдауға байланысты орын алатын қатынастар;

- біріккен кәсіпорындардың шетел фирмаларымен арадағы айырбас процестері;

- еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдау және пайдалану процестері;

- белгілі бір процентпен несие берудегі несиелік қатынастар;

- тауар, қор, валюта биржаларын қамтитын нарықтық инфрақұрылым-

ның қызметін жүзеге асыру процесі.

Нарықтың қалыптасу шарттарын екі топқа бөлуге болады:

Бірінші    топ    нарықтық    байланыстарды     қамтамасыз     ететін шаруашылықты жүргізудің жалпы шарттарын енгізуге саяды, атап айтқанда:

  1. Меншіктің әр түрлі пішіндерін (жеке, ұжымдық, акционерлік, мемлекеттік) жүзеге асыру.
  2. Мемлекеттік реттеуіштердің сақталуы жағдайында өндірісті демократияландыру.
  3. Үш негізгі элементтерді: тауарлар мен қызмет көрсету рыногын; өндіріс факторларының рыногын; қаржы рыногын біріктіретін нарықтық инфрақұрлымды қүру.

Екінші топ шаруашылықты жүргізудің нарықтық әдістеріне өту жөніндегі экономикалық ережелерді қабылдауға және құқықтық заңнаманы әзірлеуге байланысты шаралар жүйесін қамтиды. Қазіргі заманғы экономикалық теорияны, осы тақырыптағы әлемдік әдебиетті зерттеу және «нарық» ұғымын талдау негізінде оны түсініктемелеудің екі көзқарасын ажыратуға болады.

Біріншісі., нарықтың және нарықтық қатынастардың саяси-идеологиялық және философиялық мазмұнын ашып көрсетуге негізделеді. Бұл орайда, нарықтың негізгі сипаттары ретінде төмендегілер қаралады:

а) нарық - кәсіпкерліктің еркіндігіне және мемлекеттің шектеулі роліне негізделген қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың тәсілі. Осы түрінде нарық орталықтандырылған жоспарлау және әкімшілік реттеу әдістерін қолдануға сүйенетін ұйымдастырудың тәсілдеріне қарсы тұрады;

б) нарық - шаруашылықты жүргізуші субъектілердің, қабылдаған шешімдерінің критерийлерін және субъектілер арасындағы қарым-қатынастардың сипатын анықтайтын олардың әрекет ету тәсілі;

в) нарық - шаруашылық қызметіне қатысушылардың тиісті нарықтық көзқарасын қалыптастыратын ойлау тәсілі («нарықтық ойлау»).

«Нарық» ұғымын түсініктемелейтін екінші көзқарас, оның нақты-экономикалық мазмұнын ашып көрсетуге негізделеді. Нарық тауарлар мен қызмет көрсетулердің әрқилы түрлеріне сұраныс пен ұсыныстың арақатысын анықтауға мүмкіндік беретін механизм ретінде түсініктемеленеді.*

Экономика ғылымында нарық ұғымы екі түрлі мағынаға ие. Біріншіден, ол айналыс сферасының синонимі. Және, екіншіден, белгілі бір қоғамдық қатынастарды көрсететін экономикалық категория ретінде пайдаланылады. Атап айтқанда, нарық - тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы айырбастық қатынастардың жиынтығы. Нарық - адамдардың тауарды (өнімді) өткізу және оларра сіңірілген еңбектің қоғамдық сипатын түбегейлі мойындау ісін жүзеге асыратын айырбас сферасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Жалпылама түрде нарық - ол өнімді сатып алу мен сатудың және өнімді өткізу шарттары актілерінің жиынтығы немесе К.Маркстің сөзімен айтқанда, жаңа ғана аяқталған өндіріс пен әлі басталмаған тұтынудың арасындағы «аралық саты».

Нарық - тауар айналысы, ақшаның тауарға айналу процесі жүзеге асырылатын экономика саласы: экономиканың өр түрлі салаларында өндірілген тауар массасының сатып алу-сату актілерінің өзара байланыстағы жиынтығы. Қазіргі заманғы нарық - ол, еркін өнім өндіруші - кәсіпкерлер арасындағы тауарлармен еркін жүргізілетін айырбас. Кез-келген кәсіпорынның экономикалық, шаруашылық тіршілігі, әрқашан да игіліктермен алмасуды көздейді, яғни, өндірілген өнім айналыс сферасына келіп түседі. Айырбас табиғи түрінде: бір тауар екінші тауарға тікелей айырбасталуы, немесе, тауар ақшаға сатылып, сол ақшаға басқа тауар сатып алынуы мүмкін, не болмаса, кейбір жағдайда тауарлық пішіні ақшаға, ал ақшалай пішіні тауарға (Т-А-Т) алмасады; екінші жағдайда ақша тауарға айналады да, одан кейін тауар ақшаға айналады (А-Т-А).

Рьшок дегеніміз сату - сатып алу жиынтығы; сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті; сатушылар мен сатып алушылар арасындағы қарым-қатынас; өнімнің тауар күйіндегі жүргізілетін айырбастың экономикалық пішіні.

Экономиканың нарықтық құрылымы меншіктің түрлері, тауар өндірушілердің құрылымы және олардың экономикадағы үлесі, тауардың айырбас сферасының ерекшелігі, елде пайдаланатын сауданың түрлері арқылы анықталады.

Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін мынадай қолайлы жағдайлар қажет:

  1. Тауар өндірушілерге толық бостандық беру.
  2. Тауар өндірушілердің толық жауапкершілігі және ынталылығы.
  3. Тауар өндірушілердің бәсекесі.
  4. Еркін баға.
  5. Мемлекеттің шаруашылықты жүргізуге килігуден бас тартуы, шаруашылықты еркін жүргізуге араласпауы.
  6. Тауар өндірушілеріміздің дүниежүзілік деңгейде шаруашылықты жүргізуге бейімделуі, әлемдік нарықтан өздеріне тиісті орынға ие болуы.
  7. Тауар өндірушілердің мемлекет тарапынан қолдау табуы, мемлекеттік реттеу мәселелерінің шешілуі.

Нарықтық қатынастардың қызмет етуінің негізі - тауар-ақша қатынастары болып табылады. Бұл қатынастар дами келе ұдайы өндіріс процестерін аяқтайды, ал олар өз кезегінде бүкіл өндіріс саласын, сату және тұтыну сферасын қамтиды.

Тауар-ақша қатынастарының жай-күйіне халық шаруашылығы салаларының дамуындағы пропорциялар ғана емес, сонымен қатар салалық және салааралық байланыстар, сондай-ақ, еңбекке уәждемелік дәрежесі де тәуелді.

Тауар-ақша қатынастарының мәні, олардың қызметінің құндық эквивалент принципі бойынша құрылуында және нарық арқылы жүзеге асырылуында жатыр. Еңбек өнімі тауарға, яғни сату және сатып алу затына айналады, ал өндірістің өзі тауарлық пішінге иеленеді.

Тауарлық өндіріс - өнімдері бір-бірінен оқшауланған жеке өндірушілердің күшімен өндірілетін шаруашылық жүйесі болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өнімдерді нарықта сату-сатып алу (соның нәтижесінде олар тауарға айналады) қажет. Тауарға айналып нарықта басқа тауарлармен айырбасқа түсуі үшін, өнім өзінің пайдалылығымен (тұтыну құнымен) қатар адам сіңірген еңбектің нәтижесіне де айналуы қажет. Тұтыну қүны бар заттар ғана құнға ие бола алады. Бірақ та кез-келген пайдалы зат, әрбір тұтыну қүны құнға ие бола бермейді: егер затқа қатысты адам еңбегі жүмсалмаса, сол затқа адам еңбегі сіңбесе, онда заттың құны жоқ. Тауар құнының мөлшері жай ғана еңбек шығындары арқылы емес, сол тауарды өндіруге жүмсалған қоғамдық қажетті жұмыс уақыты арқылы анықталады.

Тауар өндірушілердің негізгі мақсаты - сол тауарды ең алдымен өзінің тұтынуы үшін емес, сату-сатып алу арқылы айырбас үшін, басқа адамдардың тұтынуы үшін өндіру болып табылады.

Тауар-ақша қатынастары - ол қоғамдық өндірістің өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну процесінде қалыптасатын экономикалық қатынастардың біртүтас жиынтығы.

Тауар-ақша қатынастарының негізінде құн заңы жатыр. Қүн заңы қоғамдық өндірістің барлық процестеріне, тауар шаруашылығы салаларының арасындағы қоғамдық еңбектің және өндіріс құрал-жабдықтарының бөлінісіне айтарлықтай әсерін тигізеді.

Құн заңы - тауар өндірушілер мен тауарды сатып алушылар арасындағъі қатынасты, байланысты, тауар өндірісінің жағдайындағы еңбекті үлестіру мен ынталандыруды және өздерінің құнының негізінде жүргізілетін тауарлар айырбасын реттейтін объективтік экономикалық заң.

Бұл заңның атқаратын қызметі -айырбас.

Осы заңның талабына сәйкес - өндірілген жөне сатуға арналған тауардың айырбасталуының, сатылуының негізінде сол тауардың құны алынады. КУн - тауарға сіңірілген жеке немесе қоғамдық еңбектің ^ жемісі болып табылады. Құн өлшемі ретінде қоғамға қажетті уақыт өлшемі алынады. Қүн заңы бойынша баға әрқашанда құннан ауытқып тұрады. Себебі нарықтық экономика кезінде бағаның қалыптасу факторы тауарға деген сұраныс пен ұсынысты қадағалап отырады. Ал, баға_дегеніміз - құнның ақшалай көрінісі.

Құн заңы - тауар өндірісі жағдайында еңбекті ынталандыру мен бөлу және тауарлар айырбасы олардың құны негізінде жүзеге асырылатын, тауар өндірушілер арасындағы байланыстарды реттейтін объективті экономикалық заң.

Тауар-ақша қатынастары жүйесіндегі негізгі элементтердің бірі болуына байланысты нарық, өндіріс пен тұтыну арасындағы қоғамдық еңбек бөлінісінің негізінде оқшауланған тауар өндірушілерінің арасындағы байланыстырушы буын ретінде қызмет етеді. «Нарық» ұғымын қоғамдық еңбек бөлінісінің ұғымынан ажыратуға мүлдем болмайды.

Нарық - ол меншіктің алуан түрлі пішіндеріне негізделген кәсіпкерлік қызметке және оның нәтижелерімен алмасуға негізделген экономикалық қатынастар жүйесі.

Сонымен, нарық ұғымының көптеген анықтамалары бар, бірақ та олардың барлығы, нарық - нақты тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатушылар мен сатып алушыларды біріктіріп кездестіретін механизм, басқаша айтқанда, ол өз бетімен шешім қабылдай алатын жеке экономикалық субъектілер арасындағы өзара қарым-қатынастарының, байланыстарының түрі болып табылады деген тұжырымға саяды. Өздерінің қызметіне байланысты экономикалық субъектілер сатушылар және сатып алушылар болып бөлінеді.

Сатып алушылар (тұтынушылар) - олардың қатарына өздерінің тұтынуы үшін тауарлар мен қызметтерді иемденетіндер, сондай-ақ, өздерінің тауарлары мен қызмет көрсетулерін өндіру үшін еңбек күшін, капиталды және шикізатты сатып алушы фирмалар, кәсіпкерлер жатады.

Сатушылар - олардың қатарына тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндірушілер, ресурстардың (жер, су, т.б.) иелері, сондай-ақ, өзінің еңбек күшін сататын еңбекшілер жатады.

Өздерінің нарықтағы орындаған қызметтеріне байланысты, адамдар және фирмалар бір мезгілде сатушы да, сатып алушы да бола алады. Мысалы, егер жұмысшы өнеркәсіптік немесе ауылшаруашылықтық көсіпорынға маусымды жұмысқа жалданса, онда ол бүл жағдайда жұмыс күшін сатушы болып табылады. Және де, ол өзінің тұтынуы үшін киім, тамақ сатып алады, үй және т.б. жалдайды, бұл жағдайда ол - сатып алушы.

Осылайша, сатып алушьтлар және сатушылар өзара әрекеттесе отырып, нарықты құрайды, яғни, нарық - басқаша айтқанда, өздерінің өзара әрекеттесулері оларды айырбас мүмкіндігінің нәтижесіне алып келетін сатып алушылар мен сатушылардың жиынтығы болып табылады.

Егер сатып алушы бар, ал сатушы жоқ болса, мысалы үйді сатып алушы бар, бірақ оның сатушысы жоқ, және бұндай жағдай жуық арадағы уақытқа шейін орын алған болса, онда осы жағдайда тұрғын үй рыногы да жоқ деуге болады.

Тауарлар және ақша - нарықтың объектілері болып саналады. Тауар ретінде тек өндірілген өнімдер ғана емес, сонымен қатар өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) мен қызмет көрсетулер де болып табылады.

Нарықтық механизм субъектілерге әсер ете отырып мынадай процестерді іске асыруды көздейді:

-   айырбастаушы жақтардың келісімін;

-   эквиваленттік қайтарымды (өтелімді);

-   серіктестердің еркін таңдалуын;

-   бәсекелестіктің болуын.

Қазіргі жағдайда нарық өзін-өзі реттеушіден реттелетін болып өзгерді, бүл жәйт нарықтық шаруашылықтың субъективті-объективтік құрлымының күрделенуіне әкелді.

Шаруашылықтың субъективті-объективтік құрылымы - субъектілер арасындағы олардың мақсаттарын, әр түрлі бағытталған, бірақ та қарсы бағытта келісілетін экономикалық мүдделерін, нарықтық байланыстардың әр түрлі объектілерінің қозғалысы жөніндегі сипатын, пішінін анықтайтын өзара қарым-қатынастарының жүйесі болып табылады.

Нарықтық шаруашылықтың субъектілеріне - үй шаруашылығы, мемлекеттік сектор және жеке меншік секторы жатады.

  1. Үй шаруашылығы - құрамында бір немесе бірнеше түлғалары бар

экономикалық бірлік. Ол мыналарды қамтамасыз етеді:

-   адам капиталының өндірісін және үдайы өндірісін;

-   өз бетімен шешім қабылдауды;

-  қандай да бір өндіріс факторының иесі болуды;

-   өз қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға үмтылуды.

  1. Жеке меншік секторы - экономикалық бірлік ретіндегі кәсіпкерлер, кәсіпорындар. Олардың атқаратын қызметтері:

- сату мақсатында өнімді дайындау үшін өндіріс факторларын қолданады;

- табысты барынша үлғайтуға ұмтылады;

- өз бетімен шешім қабылдайды.

Жеке секторда ақша жиынының қозғалысын қамтамасыз ететін және айырбастың тұрақты қызмет етуіне қажетті экономикалық бірлік -қаржылық-несиелік мекемелерді бөліп көрсетуге болады.

  1. Мемлекеттік сектор — шаруашылықтың құқықтық шарттарын қамтамасыз ету үшін құқықтық жөне саяси билікті жүзеге асыратын үкіметтік мекемелер, сонымен қатар мемлекеттік меншік болып табылатын қазыналық унитарлы кәсіпорындар.

Нарықтар экономикалық қызметтің орталықтары болып табылатындықтан көптеген экономикалық проблемалар нарықтың қызмет істеуіне байланысты болады.

Нарықтың негізгі қызметі - жекелеген тауарларды сатушылар мен сатып алушылар туралы мәліметтермен қоғамды қамтамасыз етіп отыру. Сату жөне сатып алу актілерінің жүйесі тауар айналымын құрайды. Ол мамандандырылған қызметтердің көптеген түрлерін қажет етеді - нарықтың жағдаятын зерттеуден бастап сауда мәмілесін жасау мен өнімдерді сатуға кірісуге дейін.

1.2  Баға түсінігі және оның қызметі

Нарықтық экономика кезінде баға сұраныс және үсыныс негізінде құрылады. Сүраныс пен ұсыныстың арақатынасының ауытқуы нарық конъюнктурасының әрекетіне байланысты. Баға көбінесе белгілі география-лық аудандағы өндірілетін тауарға деген нарық қатынастарының қызмет істеу сферасын анықтайды. Бұл сфераның шекарасын анықтайтын фактор -трансакциондық шығын, яғни сол тауарды айырбастауға, сатуға байланысты жұмсалатын айналыс шығыны.

Баға категориясының анықтамасын, түсінігін беруде бірнеше көз-қарастар бар.

Бірінші көзқарас - баға құнның ақшалай көрінісі деп түсіндіріледі. Бұл түсінік А.Смит, Д.Рикардо, К.Маркстың еңбек қүнының теориясына негізделеді. Бүл теория бойынша баға әрқашанда қүннан ауытқуда болады. Тек белгілі бір уақыт ішінде нарықтық тепе-теңдік сақталғанда ғана, яғни сүраныс пен үсыныс сәйкестелген кезде ғана баға мен қүн сәйкестеледі.

Екінші көзқарас бойынша баға - тауарға төленген ақша сомасы. Бүл -маржиналистердің тұжырымдамасы. Бүл тұжырымдаманы австриялық мектептің өкілдері К. Менгер, Э. Бем-Баверк, Ф.Визер әзірлеген. Осы тұжырымдама бойынша баға субъективтік түсінік арқылы, яғни сатып алушылардың тауардың шектілі пайдалылығын субъективті түрде түсінуі деп түсіндіреді, сондықтан олардың теориясында баға тауарды өндіруге жұмсалған шығынмен байланыстырылмайды.

Үшінші көзқарас бойынша баға - төлем қабілеті бар сұраныс пен ұсыныстың нақтылы өндіріс шығындарына ұқсастығын көрсетеді. Бұл анықтаманы белгілі экономист А. Маршалл берген. Бұл - бағаға деген бірінші және екінші көзқарасты бір-бірімен байланыстыруға бағытталған. Маршалл маржиналистер методологиясының әлсіз жақтарын түсіне отырып классикалық политэкономияның тұжырымдамасын шектілі пайдалылық теориясымен біріктіріп байланыстырған болатын.

Қазіргі экономикалық теорияның көзқарасы бойынша баға - құнның ақшалай көрінісі, яғни тауарды өндіруге жұмсаған қоғамға қажетті еңбек. Бағаның дәрежесін, арақатынасын белгілі уақыт ішінде өзгеруінің негізіне құн заңы жатады. Баға әрқашанда қүннан ауытқуда болады. Тауар бағасының қүннан ауытқуының заңдылығы құн заңы бойынша анықталады. Баға мөлшері тауар қүнына тікелей пропорционалды. Тауар-ақша қатынасының негізін қалайтын да - құн заңы.

Құн заңы - ол объективтік экономикалық заң. Қүн заңының атқаратын қызметі - тауар өндірушілердің арасындағы экономикалық қатынасты, байланысты реттеу. Бүл заңның талабы - өндірілген және сатуға арналған тауардың айырбасталуының, сатылуының негізіне сол тауардың құны алынады. Ал қүнның өлшеміне қоғамға қажетті уақыт алынады. Сондықтан да бағаны құнның ақшалай көрінісі дейді.

Құн заңы тауар-ақша қатынасының негізін қалайды. Ол қоғамдық өндірістің барлық процесіне қоғамдық еңбек пен өндіріс құралдарын тауар шаруашылығының салалары арасында бөлісуге едәуір ықпал жасайды. Құн заңының реттеп отырушы қызметі нарықтағы бағалардың өзгеріп түруынан, бәсекелесудің барысында бағаның қүннан ауытқуьшан байқалады. Бағалар сұраныс пен үсыныс тең келгенде ғана тауардың қүнымен сәйкес келеді. Яғни, белгілі бір тауарды өндіру оған байланысты төлем қабілетіне сәйкес келуі керек. Егер мұндай тепе-теңдік болмаса, тауардың бағасы оның құнынан ауытқып отырады. Бағаның құнынан ауытқып кету - сұраныс пен үсыныстың өзгеруіне де, әр түрлі салалардың арасындағы еңбек пен өндіріс құралдарының қайта бөлінуіне де әсер етеді. Нарық бағасының қүнынан жоғары болуы ұсыныстардың өсуіне, тауарларды өндірудегі оларды көбейтуге ықпал жасайды. Ал, нарық бағасы құнның деңгейінен төмендесе, бұл өз кезегінде тауарлардың өндірісін азайтуға себеп болады.

Бағаның қүнның айналасында құбылып түруы экономикалық қатынас саласындағы ауытқуларға ғана байланысты емес, сондай-ақ өндіріс саласындағы өзгерістерге де байланысты болады. Еңбек өнімділігіндегі өзгерістер өнім құнының өлшемдік шамасын өзгертеді. Бағалардың толқып тұруы арқылы өндірістің салалары арасындағы еңбек бөлінісін өзгертуге себепкер болады. Белгілі бір тауардың қүнын азайту, мысалы, сол саладағы жұмсалатын еңбек санын, еңбек шығынын азайтуға себепкер болады. Бірақ мүның өзі сонымен қатар, осы тауарға байланысты тұтыну қабілетін көбейтуі мүмкін. Мұндайда құнның азаюына және сұраныстың өсуіне байланысты бағалардың өзгеріп тұруы - заңды құбылыс болып табылады. Демек, өнімнің нарықтық бағасының өзгеруі салалардың арасындағы еңбек бөлінісіне әсерін тигізеді.

Бұдан шығатын қорытынды: тауар бағаларының олардың құндарынан ауытқуы тауар өндірушілердің қалауы бойынша болып тұрған құбылыс емес, ол - құн заңы арқылы ретке келтіріледі. Бағалардың құнның айналасында ауытқып тұруы - құн заңының бірден-бір көрінісі және қоғамдық өндірісті нарықтық реттеп отыруға мүмкіндік беретін бірден-бір механизм.

Сондай-ақ, құн заңы - ғылыми-техникалық дамуға ықпал жасайтын шешуші фактор. Тауар өндірушілердің өндірістің жеке адамдар жасаған шығындарын азайтудың, еңбек өнімділігін және тауардың қоғамдық құнын арттырудың негізінде қосымша табыс тапқысы келуі өнім өндірушілерді ғылым мен техниканың жетістіктерін меңгеруге итермелейді. Бұл -объективтік қажеттілік. Мұндайда құн заңының әсері бәсекелестер куресінің жағдайында айқындалады. Бұл арада жаңа техниканы, неғұрлым жетілдірілген және экономикалық жағынан тиімді технологияны, өндірісті ұйымдастырудың неғұрылым тиімді әдістерін қолдана білген тауар өндірушілері ұтып шығады. Сонымен, қорытындылап айтқанда, бағалардың деңгейлері мен ара салмағын, олардың өзгеруін шешетін күш - құн заңы. Бұл заң тауар құны айналысындағы бағалар қозғалысының заңдылықтарын айқындайды.

Бағаның мөлшері тауардың құнына тең болады. Құн заңы - бағалар қозғалысының заңы. Бірақ та, баға әрқашанда әр тауар бойынша құнмен бірдей болады деу мүмкін емес. Тауардың айырбас қүны уақыт өткен сайын өзгеріп тұрады. Өйткені бағаға тауардың құны ғана емес, олардың айырбастау шарты, сұраныс, ұсыныс, бағаны мемлекет тарапынан реттеудің тәсілдері, өндіруші мен тұтынушы арасындағы қүнның бөлінуі әсер етеді. Сондықтан да, нарық экономикасы кезінде баға - құнның көрінетін бір пішіні ретінде ғана көзге түседі.

Нарықтағы тауардың бағасы оның құнынан үнемі ауытқуда болады. Бағаның құннан ауытқуының басты себебі - сүраныс пен ұсыныстың әрекеті болып есептелінеді.

Нарық экономикасы кезіндегі бағаның қалыптасу механизмін зерт-теуде атақты экономист, ағылшын оқымыстысы Альфред Маршалл (1842-1924) айырықша үлес қосты.

Оның тұжырымдамасы бойынша бағаны құрайтын негізгі факторлар болып сұраныс, ұсыныс, өндірістік шығындар, ресурстардың шектілігі, сиректілігі, тауардың пайдалылығы, фирманың (тауар өндірушілердің) өндірістік мүмкіншіліктері аталған.

Бағаның нарықтық механизмінің негізгі принципі - ол бағаның өндіріс шығындарын өтеп, шаруашылықты үлғаймалы ұдайы өндіріс принципінде жүргізу үшін пайда табуды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл кезде өнімнің өзіндік қүны - бағаның ең төменгі шегі болып табылады. Егер де баға өзіндік құннан төмен болса, баға өзіндік құнды ақтай алмайды, соның салдарынан көсіпорын банкротқа немесе санацияға ұшырайды, яғни тауар өндіруші өндірісін әрі қарай жалғастыра алмайды.

Бағаның өндірістік шығынды, өзіндік құнды ақтауы тауар өндірушіге шаруашылықтың тек жай ұдайы өндірісін жалғастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан да, баға өндірістік шығынды ақтаумен қатар, өндірісті ұлғаймалы ұдайы өндіріс принципінде жүргізу үшін де, белгілі бір мөлшерде пайда алуды қамтамасыз етуі қажет.

Экономикалық теорияда бағаның үш басты қызметі көрсетіледі:

  1. Бағдар беруші - сатушы мен сатып алушылар әрекеттері .үшін ақпарат береді.
  2. Ынталандырушы - өндірісті өте үнемді әдіспен жүргізуге және сүранысты ұтымды пайдалану арқылы ықпал етеді.
  3. Бөлу - бұл арқылы нарықтық экономика қатысушылары арасында табыстар, өндірістік факторлар және игіліктер бөлінеді.

2. Қазақстандағы баға нарығының сипаты

2. 1 Қазақстандағы бағаның қалыптасуы мен дамуы

Жоғарыда айтылғандай, нарық жағдайына байланысты баға туралы шешімдер, яғни баға құру бағыты әр түрлі. Сондыктан ол шешімдердің фирма үшін салдары да әр түрлі. Демек, баға деңгейін белгілеу алдында әрбір баға бағытын, оның салдарын терең талдау қажет. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, тек дәл баға саясатын белгілеп, анық баға стратегиясын ұстаған фирмалар нарықта жемісті әрекет жасай алады. Осы екі басқа (баға саясаты, баға стратегиясы) түсініктердің мәнін айыру қажет.

Баға саясаты дегеніміз - өзінің тауарларына (қызметтеріне) баға белгілеу үшін басшылыққа алған фирманың жалпы принциптері. Ал баға стратегиясы дегеніміз - сол принциптерді іс жүзіне асыру үшін фирманың қолданатын әдістер жиынтығы.

Біраз қайталап, жоғарыда келтірген міндеттердің бірін еске түсірейік. Айталық, фирма нарықтың кеңею мүмкіндігін үдете пайдаланып, сату көлемін асыра ұлғайту үшін бағасын негізгі бәсекелестерден де одан әрі төмендетуді ұйғарды делік. Міне, бұл фирманың баға саясаты, яғни баға белгілеудегі ұстаған принципі. Осы баға саясатын іске асыру үшін фирма оны орындау тәртібін жөне шаралар жиынтығын, яғни баға стратегиясын белгілейді. Мысалы, сатып алушыларға неше түрлі жеңілдіктер арқылы, айталық, оларға тауарды тегін жеткізу, тегін орнату, тегін жөндеу, түтыну несиесін арзан беру, бағаны бірден немесе күн сайын, апта сайын белгілі мөлшерде кеміту, тұтынушыларға сыйлық беру немесе сауда орындарында шай беру, ойын-сауық ұйымдастыру т.б.с.с. шаралар арқылы өзінің баға стратегиясын жүргізеді.

Егер фирма жұмсаған шығынын ақтап, белгілі пайда табу тұрғысынан бағасын белгілеген болса, онда оның баға саясаты, онымен бірге баға стратегиясы да болмағаны. Баға саясаты болған фирма мәселені басқаша қарастырады: Әрекет жасайтын нақгы нарықта бағаның деңгейі қандай болуы мүмкін? Сол баға деңгейіне сәйкес пайда табу үшін шығындар көлемін шектеу қодцан келе ме? Осы сұрақғарға жауап іздесгірген фирманың баға саясатының болғаны.

Сатып алушылардың табысы қандай бағаны көтере алады деген сұраққа жауап іздеген фирманың баға саясаты мен баға стратегиясының болмағаны. Баға саясаты мен баға стратегиясын қолданған фирма басқаша сұрақтарға жауап іздестіреді: Өзінің сатып алушылары үшін фирма тауарының құндылығы қандай? Сол тауар қүндылығына сәйкес бағаның белгіленген жайлы сатып алушыларды калай сендіруге болады? Тауар кұндылығы, яғни тауар пайдалылығының субъективті қабылдануы бағаны ақтамаған жағдайда, білгір менеджер бағаны дереу төмендетудің орнына, басқа нарық сегментін немесе басқа өткізу арналарын іздестіріп, өзгермеген бағамен сатып алушыларын табады. Өйткені алармандардың көбісі бағаның төмендеуін тауардың қүндьиығьшьщ (пайдалылығьшьщ) жойылғаны деп түсінеді. Ондай тауар бағасы төмендесе де сұраныс таппай, өтпей қояды. Осыған байланысты бағаның қандай деңгейі сату көлемін ойлаған мөлшерге, ойлаған нарық үлесіне жеткізеді деген сұраққа жауап іздеген фирманың баға саясатының болмағанын білдіреді. Білгір маман басқа сұрақтарға жауап іздестіреді: Сату көлемінің қандай мөлшері немесе нарық үлесінің қандай деңгейі фирмаға ең үлкен пайда береді? Мәселені осылай қойғанның өзі баға саясаты мен баға стратегиясына фирманың сүйенгенін дәлелдейді. Демек, фирма баға құру ісінде кездейсоқ себептерге, нарық ағынына сүйенбей, өзінің белгілеген принциптеріне, соған сәйкес қолданатын әдістер жүйесіне сүйенуі тиіс. Бұл фирманың баға қүру стратегиясын қалыптастырып, жемісті әрекетінің көптеген шарттарының бірі болмақ және фирмаға қызмет көрсететін бөлімдердің өзара ынтымақгы әрекетіне жағдай тудырады. Әдетте баға саясаты мен баға стратегиясы болмаған фирмада оның қаржы және маркетинг қызметінің арасында жиі-жиі қайшылықтар қалыптасып, олардың мүдделері үйлеспейді. Себебі маркетинг қызметі сатып алушылардың мүддесімен санасады. Ал бағаны солардың тауарға берген субъективті құндылығы бойынша белгілеуді қолдайды. Олай болмаса фирма коммерциялық нысанасына жете алмайды. Керісінше, қаржы қызметі бағаны пайданың көзі ретінде, шығынды ақғаушы құралы ретінде қарастырады. Осыдан бағаның деңгейі өзгеше болуы тиіс. Біріне-бірі қарсы осы мүдделерді үйлестіру үшін фирма басшылығы баға саясатына сүйене отырып бұл қызметтердің алдына мынадай талаптар қоюы тиіс: қаржы мен бухгалтерлік есеп қызметі фирма шығындарын баскаруды игеріп, атап айтқанда, белгілеген өнім сапасын қамтамасыз ететін шығындардың көлемін минимумға жеткізіп, маркетинг қызметінің алдына анық міндеттер белгілеу үшін сату көлемі мен шығындар арасындағы байланыстарды дәл белгілеуі қажет. Ал маркетинг қызметі фирманың бәсекедегі ұғымды жақтарына сүйене отырып, оның коммерциялық саясатының негізі бола алатын ұтымды өнім түрін, нарық сегментін тандауды игеруі қажет.

Сайып келе, дәлме-дәл айтқанда, маркетинг және қаржы қызметкерлерінің арасындағы қайшылық фирма басшылығының баға құруда орынын алатын екі түрлі бапты анық ажыратпағаньшан болатыны белгілі. Ол шығынға немесе құндылыққа сүйенген баға құру баптары. Олардың мәні кейінірек талданады. Ал олардың қысқаша мәндік сипатының айырмашылығын мына сурет арқылы көрсетуге болады:

Шығынға негізделген баға құру ежелден қалыптасып, көзге оңай, сенімді болып көрінеді. Өйткені онда деректі бухгалтерия мәліметтерімен дәлелденген өндіріс пен өнімді өткізуге кеткен нақгы шығындарға сүйене отырып баға есебі жүргізіледі. Демек, шыгынға нвгізделгвн баға құру дегеніміз — ол баға есебінің бастапқы негізі ретінде өндіріс пен тауарды өткізуге кеткен нақты шығындар алынады. Оған қоса бұл баға құру бабы экономикалық теория тарапынан да біршама қолдау табады. Өйткені бұл баға құру бабы жұмсалған барлық шығынға фирма мөлшерлі пайда табуды, шығындардың өнімдер арасында дұрыс бөлінуді қамтамасыз етеді деген көрініс алады. Алайда негізінде бұл баптың күрделі кемшіліктері бар. Айталық, әрбір өнім данасына кеткен үлесті шығынды баға белгіленбей жатып, есептеп шығару мүмкін емес қой. Оның себебін айтпаса да түсінікті (шығын сату көлеміне байланысты, ал сату көлемі бағаға тәуелді) және оны 2.-суреттен де байқауға болады.

Суретте көрсетілгендей, нарық жағдайында қалыптасқан баға деңгейі сұранысты, демек сату көлемін анықтайды. Соған сәйкес өндіріс көлемі белгіленеді. Ал экономикалық теория мен бухгалтерлік есеп анықтағанындай, өнім данасына жұмсалған үлесті шығынның мөлшері өндіріс көлеміне байланысты. Мысалы, өндіріс көлемі ұлғайған сайын өнім данасына шаққандағы үлесті тұрақгы шығындар мөлшері азая түседі. Соған сәйкес орта үлесті шығындар да азаяды. Осы заңдылықгы көптеген фирмалар жеткілікті ескермей, бағаны ақыммен реттеп, ұтымды әрекет жасамай, сәтсіздікке ұшырайды. Өйткені бағаны белгілегенде әр өнімге кеткен шығын мен өндіріс көлемі арасындағы байланыс ескерусіз калады. Осы зандылықгы ескермесе тіпті ұтымды бизнеспен айналысқан фирманың өзі сәтсіздікке ұшырайды. Оның дәлелі ретінде бүрынғы Кеңес Одағы химия өнеркәсібінің ең алыбы Жамбыл (қазіргі Тараз) „Фосфор" өндірістік бірлестігі немесе Павлодар трактор зауыты бола алады. Осы екі алып кәсіпорындар ауыл шаруашылығына аса кажет өндіріс кұралдарын, тыңайтқыштар шығаратын. Ал ол тауарлардың бағасы шығынға негізделген еді. Кеңес Одағы тарап, энергия көзі мен өндіріс құрал-жабдықғарының қымбаттауының саддарынан өндіріс шығындары көбейе түсті. Баға шығынға негізделгендіктен шығьшмен қоса трактор мен тыңайтқыштың бағасы өседі. Бағаның тез өсуі сұранысты кеміте келіп, аяғында ол өнімдерді нарық қабылдамай дүркіреп өсіп тұрған кәсіпорындар банкротқа ұшырады. Керісінше, аталмыш зандылықгы еске ала отырып жұмысын ұйымдастырған Алматы кондитер фабрикасы (қазір "Рахат" ААҚ ) баға құру саясатын басқаша белгіледі. Өндіріс техникасы мен технологиясын жаңартып, барынша шығындарын кемітті. Кондитер өнімдерінің сапасын жақсартып, оның орау әсемдігін асырды. Өнімдерінің бағасын ең төмен (минималды пайда әкелетін) деңгейде белгіледі. Төмен баға сату көлемін ұлғайтты. Ал ол өндіріс көлемін ұлғайтуға, соның негізінде әрбір өнімге кеткен орта шығынды кемітіи, пайдасын көбейтуге мүмкіндік берді.

Осы тәрізді мысалдарды көп келтіруге болады. Бірінші мысалдағы Павлодар және Тараз кәсіпорындары кеткен шығындарын қайтару және өз әрекетіне қажет пайда табу мақсатымен пассивті баға құру жолына түскен. Ол баға құру жолы кәсіпорындарды сәтсіздікке апарып соқтырды. Демек, есті менеджер ондай жолмен жүрмеуі тиіс.

Пассивті баға құру дегеніміз шығын негізінде немесе тек бәсекелестердің баға шешімдері ықпалында болып баға белгілеу.

Ең ұтымдысы активті баға құру. Ол үшін бағаны реттей отырып, сату көлемін қажетті мөлшерге жеткізіп, соның нәтижесінде өнім данасына кеткен орта шығынды көзделген деңгейге дейін кемітіп, көзделген пайдаға жету керек.

Сонымен, активті баға құру дегеніміз тауардың сатылуын ұтымды көлемге жеткізіп, соның негізінде орта шығынды кемітіп, көзделген пайдаға жету үшін тауар өткізуді басқару шеңберінде бағаны реттеп отыру.

Активті баға құру логикасына сәйкес мына тәрізді сұрақтарды шешуге тура келеді:

  1. Төмен бағаны қолдана отырып, пайда көлемін жеткілікті мөлшерде алу үшін тауардың сату мөлшерін қаншалықты көбейту кажет?
  2. Бағаны көбейткен жағдайда пайда бұрынғыдай көбеюі ушін тауардың сатылу көлемін қаншалықгы деңгейге кемітуге болады?

Осы тәрізді сұрақтар тұрғысынан баға құрылса, шығынға негізделген баға құруға байланысты кемшіліктер жойылатын еді. Айталық, сұранысы нашар нарықта аса жоғары баға немесе сұранысы күшті нарықта аса төмен баға белгіленбейтін еді.

Шығынға негізделген баға құрудан бас тарту менеджерлер үшін оңайға түспейді. Өйткені ол үшін жаңа өнім өндірісіне арналған   инвестицияны   жұмсамай   түрып   баға   туралы фирманың позициясы аныкталуы тиіс.  Ал ол, әрине, оңай жұмыс емес. Оған қоса Қазақстанда бұрыннан қалыптасқан тәжірибе бойынша алдымен өнім өндіріліп, одан кейін оның алармандары іздестіріледі. Енді болса іс керісінше болуы тиіс. Яғни   алдымен  тұтынушыны,   оның  талабының   өзгерісін анықтап, одан кейін өндіріс ұйымдастырылуы тиіс. Ол үшін фирманың    маркетинг    қызметі    жоғары     білімі     бар маркетологтармен толықгырылуы тиіс. Алайда жасалған талдау көрсетіл отырғанындай, республика фирмаларында маркетинг қызметіне жоғары арнайы білімі бар жас маман емес, 2-3 жыл тәжірибесі   бар,   арнайы   білімі   жоқ   адамдар   жұмысқа қабылданады. Арнайы білімі жоқ, бірак, 2-3 жыл тәжірибесі бар адамдар оперативті маркетинггі жүргізе алатыны анық. Демек, ол фирманың бүгінгісін біліп, ертеңгісін біле қоймайды. Стратегиялық  маркетинггі,   оның  шеңберінде   активті   баға құруды тек жоғары арнайы білімі бар мамандар жүргізе алады. Сондықтан   бүгін   қалыптасқан   тәжірибеге   сәйкес   жаңа өндірісті ұйымдастыру, жаңа өнімді өндіру үрдісі мынандай сипат алған: ол жұмыс фирманың конструкторлық, инженерлік, технологиялық қызметтерінен басталады. Олар дүниежүзілік ғылым мен тәжірибеде қол жеткен бүгінгі техника деңгейіне сай келетін өнім мен өндірісті ұсынады. Содан кейін өнім мен өндірістің жобасы жасалады. Ол жобаны фирма экономистері мен бухгалтерлері негіздеп, дәлелдейді. Финансистер ол жобаға кажет  қаражат  көлемін  анықтап,  қаржыландыру  жұмысын ұйымдастырады. Істің дәл осы сатысында шығынды кайтаратын, көзделген пайданы әкелетін баға белгіленеді. Осыдан кейін фирманың   маркетинг   қызметі   (ондай   қызмет   болмаған жағдайда,   фирманың   өнімді   өткізу   бөлімі)   өнімді   сату жұмысымен шұғылданады. Ол үшін баға өнім құндылығына сәйкес келетініне аларманның көзін жеткізіп, тауарды сатып алуға оны көндіру керек. Егерде ол үгіт іске аспай, тауар нашар сатылса, фирма басшылығы бағаға жеңілдік жасап, жағдайды өзінше "дұрыстата" бастайды. Алайда Бұл жолдың қауіпті жағы бар. Өйткені сатылмаған өнім бағасына женілдіктер  арқылы  алармандарға  сыйлық берудің  өзі,   сатып алушылар рыногын қалыптастырып,   сатып   алушылырдың үстемдігін күшейтеді. Сатып алушылар өзіне ыңғайлы шарттарды талап ете бастайды. Айталық, баға жеңілдіктерін одан әрі жалғастыру үшін тауарды сатып алудан бас тартады. Сондықтан бұл жолмен фирма табысқа жетуі өте қиынға түседі. Құндылыққа негізделген баға құрудың фирманы үлкен жетістікке жеткізу себебі баға белгілеу жұмысын бухгалтерлердің және финансистердің қолынан алып, өнімді өткізуші мамандарға тапсырылуында. Өйткені өнімді өткізушілер сатып алушылармен қоянқолтық әрекет жасап, тығыз араласады. Сондықтан олар тұтынушылардың материалдық мүмкіндігін, ұнатымдылығын, тауарды тез арада сатылу шарттарын және фирмаға максималды пайданы қамтамасыз ететін бағаны жақсы сезеді.

Әрине, біздің еліміз нарықты экономикаға жаңа еніп, оны игере бастады. Фирмалар құндылыққа негізделген баға құруға енді-енді көшуі тиіс. Алайда олардың көпшілігінің ежелден қалыптасып қалған шығынға негізделген баға құрудан қол үзуі оңайға түспейді. Әйтседе нарық өмірінің өзі итермелеп, әсіресе аямас бәсеке жағдайында тіршілігін сақтап қалу үшін құндылыққа негізделген баға құруға көшіп жатқан фирмалар баршылық. Олар бүгінгі таңда, әрине, көп емес. Солардың ішінен Алматы қаласындағы "Меркур-Продукт" ЖШС (агрофирманы) айтуға болады.

Қымыздың, шұбаттың қасиеті елге белгілі ғой. Сондықтан ол тағамдардың қажеттігін айтпаса да болады. Алматы қаласында қысы-жазы қымыз, шұбат базарда сатылады десе де болады. Әсіресе жаз айларында көбірек сатылады. Бұрынғы Кеңес дәуірінде қымыз, шұбат Алматы сүт комбинатынан кейбір дүкендерге түсіп, сатылып жататын. Алайда, өкінішке орай, сапасы айтарлықтай болмай, пісуі жетпей, немесе ашып кететін. Қол базарында сатылатын қымыз, шұбаттың сапасы бірдей болмай, кейбір жағдайда тіпті сау адамды сырқатқа ұшырататыны да кездеседі. Соңғы жылдары қымыз, шұбат сататын жеке меншік сатушылар көбейе бастады. Сапасы да жақсаруда. Әдетте ол тағамдардың ол бағасы шамамен 150 теңге төңірегінде болады. Ал енді, жоғарыда аталған "Меркур-Продукт" ЖШС қымыз, шұбат рыногында 2002 жылы өзін ерекше көрсетіп, көп уақыт тұтынушылардың есінде құндылыққа негізделген баға құруды сәтті қолдану мысалы ретінде сакталатындай көрінеді. Фирманың басшылары тұтынушы-лардың ұнатымдылығын, тағамға сол тұтынушылар тарапынан берілген пайдалылығын зерттей отырып, сапасын қамтамасыз ететін шарттарды сақтай отырып, оның сату көлемін максималды мөлшерге жеткізуді көздеп (мұнда тағам сапасы тікелей сату мерзіміне де байланысты екенін ескеру қажет), ол баға-сын ыдыссыз сатылған жағдайда 100 теңге, ыдысымен сатылған жағдайда 120 теңге деңгейінде белгілеген. Ол фирма тағамдарды сату нүктелерін ұтымды анықтаған. Міне, осылай құндылыққа негіздеп баға құруды қолданған "Меркур-Продукт" өзінің сатып алушыларын, өнімнің сату көлемін, демек пайдасын көбейтіп, нарықта жоғары беделге, онда айтарлықтай үлеске ие болды. Оның қымыз, шұбатын екі сағатқа жеткізбей жұрт сатып алып кетеді. Ал басқа сатушылар күні бойы тауарын өткізе алмай, шұбаты ертеңіне калып, сапасы төмендеп жатады. Демек, ысырапқа ұшырайды.

Біздің келтірген осы мысалға қарағанда құндылыққа негізделген баға құруды қолдану онша қиындыққа соқпайтын болып көрінуі де мүмкін. Алайда іс жүзінде ол соншалықты оңайға түсетін шаруа емес. Құндылыққа негізделген баға құрудың міндеті сатып алушылардың көңілінен шығып, сату көлемін көбейту емес. Ондай міндетті тіпті жай ғана бағаға жеңілдіктері арқылы орындай салуға болады, Ал бағаға жеңілдіктері арқылы сату көлемін арттыру ұтымды маркетинг стратегиясының жемісі деу қате болар. Шындығына келер болсақ, құндылыққа негізделген баға құру ең алдымен "құндылық шығын" арақатынасын фирма үшін тиімді қалыптастыру арқылы мол пайданы алуды қамтамасыз етуі тиіс. Ал сату көлемін максималды көбейту арқылы пайданы арттыру басқа стратегияға жатады. Құндылыққа негізделген баға құру ондай мақсатты көздемейді.Мұндағы әңгіменің мәні осы екі түрлі мақсаттың айырмашылығын терең сезіп, оларды айыруға тіреледі. Осыған сәйкес маркетологтар бағаны белгілеу үрдісінде екі басқа мына сұрақтардың мәнін айыруы қажет:

1) сатып алушылар қандай бағамен тауарды сатып алуды қалайды?

2) қандай бағаға тауардың құндылығы лайықты екенін реалды бағалау?

Егер маркетологтар бірінші сұраққа жауап іздеген болса олар сату көлемін көздеген мөлшерге жеткізе алады. Алайда ұзақ мерзім аралығында фирманың пайдасын қамтамасыз ететін негіздерін жояды. Баға құру ісін сатып алушыларды; қандай бағаны қалайтынына негіздеу қателігі кемінде екі себепке тіреледі. Біріншіден, тауар бағасын сатып алушылардың қалағанына қарай белгілеген болсақ, тәжірибелі сатып алушылар әсіресе фирмаларды жабдықтаушы мамандар шындық пікіріді жасырып, тауар құндылығын кемітуге, сатушыны жаңылдыруға тырысады. Жабдықтаушылардың шебер ұйымдастырылған жалған ақпарат таратуының себебінен сатып алушылармен тығыз байланыс жасауға арналған маркетинг әрекетін нәтижесіз қалдырған мысалдар дүниежүзі рыногында жеткілікті жинақталған. Екіншіден, сатып алушылар қалаған баға бойыншы тауарға неғұрлым көп тапсырыс жинау тауарды өткізетін мамандардың және маркетологтардың міндеті бола алмайды.

Олардың іскерлігі басқада: тауардың сатылуын қамтамасыз етуі тиіс. Сондықған сатып алушылардан қандай бағамен олар тауарды сатып  алатынын қалайды деген сұраққа тікелей жауап беруді талап етудің өзі қате. Ондай сұраққа берілген жауаптың  керегі  де   шамалы.   Өйткені   сатып   алушылар тауардың құндылығын дәл белгілей алмайды немесе саналы түрде арнайы бағасын кемітуі мүмкін. Осы тәрізді "маркетинг зерттеулері" арқылы белгіленген тауар  бағасы нарықтағы нақгы сату бағасына сәйкес келмейді.

Маркетологтар мен сатушылар тауардың нақты құндылығына сатып алушыларды сендіруі кажет, оған көздерін жеткізуі тиіс. Ол құндылықтың деңгейі сатып алушылар болжаған құндылық деңгейінен артық болған жағдайда, оны дәлелдеулері қажет. Сондықтан белгіленген тауар бағасы сатып алушылар ойлаған бағадан жоғары болады. Соның өзінде сатып алушылар ұтым алып, тиім табады. Тауардың құндылық деңгейін қамтамасыз етуге қажет шығын реттелуі кджет. Тиісті шығын көлемі арқылы көзделген құндылыққа жету үшін қаржы мамандары, бухгалтерлер т.б. мамандар күші салысуы тиіс. Соның нәтижесінде тауар   құндылығы   мен   шығын   арасындағы   айырмашылық максимадды деңгейге жеткізу мақсаты орындалады. Құндылық пен шығын арасындағы осы айырмашылығының неғұрлым көбіне фирма иеленуі керек (бұл баға мен шығын айырма-шылығы), ал неғұрлым аз бөлігіне сатып алушы иеленуі керек (бұл құндылық пен баға айырмашылығы). Құндылық пен тауар бағасының арақатынасы 3-суретте көрсетілген.

Әрине, сатушы мен сатып алушылардың құндылықты бөлісу үрдісіне үшінші нарық тұлғасы — бәсекелес фирмалар күшті ықпал тигізеді. Сондықтан фирманың бағаны құру ісіне тікелей қатынасы бар бухгалтерлер, финансистер, маркетологтар және нарық жағдайын зерттеуші ақпарат қызметінің мамандары бірлесе отырып, баға саясатын қалыптастыруға, оны жетілдіруге ат салысуы тиіс. Алайда біздің еліміздегі кәсіпорындарда осы айтылған мінсіз сурет, өкінішке орай, сирек кездеседі. Кәсіпорындардың көпшілігінде жоғарыда аталған мамандардың баға жөнінде бас қосуы жүйелі түрде калыптаспаған. Жалпы алғанда баға саясатын құру және оның негізінде бағалардың нақты деңгейін белгілеу үрдісі тауарды сатуға және пайда операцияларына әсерін тигізетін факторларды жинақтап ескеруді қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда фирма баға саясатының қалыптасуы 4-суретте бейнеленген.

Фирманың стратегиялық нысаналары ұзақ мерзімге анықталған әрекет бағыттары болғандықтан оның уақыт тарапынан шектеулері болмайды. Айталық, фирма өзінің стратегиялық нысанасы ретінде белгілі нарыққа енуді және онда бекінуді алып, ол нысанаға жету үшін тұрмысы жақсы тұтынушылар қабылдайтын бағамен тауардың стандартқа сәйкес сапасын ұсынуды ұйғаруы мүмкін. Әрине, аталған осы стратегияны іске асыру үшін фирма өзінің түрлі әрекетіне байланысты бірқатар нақты міндеттерді шешуі тиіс (мысалы, өндірісіне, шығындарын басқаруға, тауарларын жылжытуға, баға құруға т.б. әрекетіне байланысты). Әрбір міндеттің орындалу мерзімі, орындалуын бағалау белгілері анық көрсетіледі. Осы міндеттердің бастылары мыналар:

- тауардың сатылуын камтамасыз eтуj;

- пайда табу.

Осы міндеттерден тыс міндеттер саны тіпті шексіз көп болуы мүмкін. Олардың саны түбінде фирма менеджерлерінің тапқырлығына байланысты. Олардың ішінен қолайлы міндеттерді іріктеп алу керек. Міндеттерді іріктеу барысында оларды бағалау үшін тіпті оңай белгілер қолданылады: нарықта қалыптасқан нақты жағдайға байланысты міндеттердің орындалу мүмкіндігіне және ол міңдеттерді орындау нәтижесінде фирма тауарды сатудан ойдағыдай пайда табу мүмкіндігіне қарай міндеттер бағаланады. Мысалы, фирма өзінің алдына нарықтағы тауарының сатылу үлесін ұлғайту міндетін қойған болсын. Бұл, әрине, ақыға қонатын міндет. Алайда нарық жағдайына бұл міндет сәйкес келе ме? Егерде нарықтағы басқа бәсекелес фирмалардың сол тауардың өндірілуіне кеткен маржиналды шығындары біз алып отырған фирманың шығындарына қарағанда төмен болған жағдайда, демек, тауардың ұлғаюы бәсекелес фирмаларға арзан түсетін болған жағдайда, біздің мысалымыздағы фирманың белгіленген міндеті орындала алмайды. Өйткені бәсекелес фирмалар нарықтағы өз үлесін басқа фирмаға бере салмау үшін тауардың қосымша көлемін арзан бағамен ұсынып, фирма міндетінің орындалуына әсерлі бөгет жасайды. Демек, фирма белгілеген міндеті орындалмайды. Өйткені бәсекелестердің белгілеген төмен бағасынан одан әрі бағаны төмендету фирманы ысырапқа ұшыратып, бәсекеде ұтылыскэ соқтырады. Нарықтағы жоғарыда айтылған жағдайды ескере отырып, фирма өзінің тірлігін басқаша ұйымдастырғаны дұрыс болар еді. Мысалы, нарықты сегменттеуді жақсартып, нарықта өзіне оңтайлы болатын қуысын тауып, сонда сенімді орналасып, бәсекелестерге қарағанда тауарының ерекше қасиеттері арқылы немесе сатып алушыларға көрсететін қызметін жақсарту арқылы, тауарымен сатып алушыларды кдмтамасыз ету жүйесін жақсарту арқылы сол қуыста бекіну әдістерін іздегені ұтымды болар еді. Сондай-ақ, егер сатып алушылардың бағаға деген сұраныс икемділігі төмен болған жағдайда, бағаны төмендету арқылы сату көлемін өсіру міндеті де іске аса қоймайды. Бағаны төмендетудің орнына тауарды жылжыту жүйесін немесе тұтынушьшарға көрсететін қызметтерді жақсарту арқылы сату көлемін арттыру жолдарын іздестірген дүрыс болар еді. Нарық жағдайына осы тәрізді таддаулар жүргізе келіп, егерде фирма өзінің стратегиялық нысаналарын баға құру жолдары арқылы шешетінін анықтаған болса, баға құру тактикасын белгілеуге кіріседі.

Баға құру тактикасы дегеніміз фирма тауарының бағасын басқаруға арналған баға мамандары алдына қойылған міндеттерді шешу үшін қолданатын нақты іс-әрекеті шараларының жиынтығы. Ол шаралардың қатарында түрлі баға жеңілдіктері мен баға үстемелері қолданылады. Мысалы, энерго, телефон, телеграф жүйелерінде белгілі мерзім аралығында жұмыстары тым көбейіп, үдеме қимыл кезі болады. Одан тыс уақытта жұмыстары тым азайып ол фирмалардың өндіріс қуаты толық пайдаланылмайды.

2.2 Баға жүйесіне сипаттама

Нарық жағдайындағы бағаға көптеген факторлар әсер етеді. Бұлардың ішіндегі аса маңыздысы -бағаның экономика коньюктурасының, өндіру мен тұтынудың түйіскен тұсында өзгеріске түсуі.

Бағаның өзгеруі факторлар әсер ететін уақыттың ұзақтығына қарай үш кезеңге бөлінеді:

  • баға қозғалысының ұзақ мерзімдік тенденциясы ғылыми-техникалық жетістіктердің, мемлекеттік және монополиялық саясаттың, табиғи құбылыстардың әсері нәтижесінде тауардың және ақша құнының өзгеруін көрсетеді;
  • орта мерзімдік циклдік бағаның ауытқуы сұраным мен ұсынымның салыстырмалы қалпының түрлі кезең циклдары бойынша өзгеруі нәтижесінде пайда болады;
  • қысқа мерзімдік бағаның өзгеруі әр түрлі маусымдық және кездейсоқ факторлардың әсерінен туындайды.

Ішкі нарықтағы бағаларға ақшаның сатып алу кабілетінің өзгеруі, ал сыртқы сауда бағаларына ұлттық ақшаның валюталық, курсының өзгеруі әсер етеді.

Бағаны реттеу жөніндегі мемлекеттік әкімшілік шаралар:

  1. Бағаны белгілі бір деңгейде ұстап түру. Бұл сирек кездесетін және қысқа мерзімдік шара.
  2. Тауар сатушы мекеменің пайда деңгейі тауар өндірушінің орташа пайда көрсеткішінен жоғары болмауын қадағалау және реттеп отыру.
  3. Монополистер қойған бағаларды бақылау.
  4. Бағаны реттеу міндеті жүктелген үкімет мекемелері мен монополиялар арасындағы келісімдерге жете мән беру.
  5. Баға өзгерісінің шегін белгілеу.

Бағаны жанама реттеу жөніндегі шаралар:

  1. Тауар өндірушінің белгілі бір дәрежеде пайда алуына бағытталған шаралар (несие беру, салық саясатын пысықтау, жәрдем қаржы бөлу, амортизациялық саясатты реттеу).
  2. Тауар өндіру шығындарына ықпал ету тауар өндіруде   қолданылатын   шикізат материал, энергияның т.б. бағасын зерттеу (төмендегі мүмкіндіктерін қарастыру); тауар өндірушілерге тасымалдау төлемі жоқ басқа да қызмет көрсету жағынан жеңілдіктер беру;
  3. Сұраным мен ұсыньімның нақты тауарлары бойынша белгілі салыстырмалы қалпының қкалыптасуына ықпал жасау.
  4. Мемлекеттік меншіктің барлық түрінің қызмет етуіне қажетті тауарлар мен қызмет көрсетудің түрлерін жеке меншік кәсіпорындарда мемлекеттің өзі сатып алуы.

Баға бәсекесінің пайда болуы және оның әрекет етуі мынадан байқалады:

  1. Бір түрлі немесе ұқсас тауарды ең төменгі бағада сату мен басқа да тауар сатушыларды нарықтан ыгыстырып шығаруға және соның есебінен өзіне бұл салада ыңғайлы жағдай туғызуға бағытталған бәсеке.
  2. Тауар алушының ұсынылған тауарға деген қажетін қанағаттандырмау салдарынан тартатын шығынын салыстыру арқылы тауар бағасын көтеру бәсекесі.
  3. Тауар алушы мен сатушының, бірінің арзан алуға, екіншісінің қымбат сатуға ынталылығы аралығындағы бәсеке. Нәтиже екеуінің қайсысының жеңіп шығатынына байланысты болады.
  4. Тауар алушылардың бірыңғай қажеттерін қанағттандыратын субститут — тауар өндіретін бәсекелес салалардың үлгісі ретінде пайда болатын салааралық бәсеке.

Баға өз табиғаты мен аса маңыздылығына және әрекет ететін ортасына қарай әр түрлі экономикалық, саяси, коньюктуралық және басқа да өзгерістерге өте сезімтал келеді және экономикалық, қарым-қатынаста еркін қозғалыста болады.

Қорыта айтканда, баға қаншама көтерілгенімен, мұқтаждықтың бәсеңдемеуіне байланысты айналымдағы ақшаның көбеюі салдарынан ол ақшаның нақты құны түседі.

Практикада қолданылатын баға стратегиялары:

І.Жоғары баға стратегиясы. Алғашқыда өндіріс шығындары жоғары болады, одан кейін ол төмендейді. Бұған жаңа тауарлар жатады. Сапасы жоғары тауарлардың бағасы да жоғары болады.

2.Төменгі баға спгратегиясы немесе нарыққа өту стратегиясы. Бұл сұранымды ынталандыру мақсатында іске асады.

3.Сараланған баға стратегиясы барлық жеңілдіктер қарастырылған, алдын-ала белгіленген бағалар.

4.Жеңілдіктегі бағалар стратегиясы сатып алушылармен жұмыс істеу, яғни кәсіпорынға деген ынтасын арттыру үшін оларға тауар жеңілдетілген бағамен сатьшады.

5.Икемді баға стратегиясы. Бағалар сатып алушылардың мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді.

  1. Тұрақты, стандартты, озгермейтін баға стратегиясы.
  2. Доқгелексіз баға стратегиясы, яғни сатып алушы 100 теңгенің тауарын 99 теңгеге сатып алады.
  3. Жаппай көтере сатьт алу стратегиясы, яғни көтерме баға.

Бағаның түрлері:

І.Анықтама баға анықтамалық басылымдарда, каталогтарда, журнал және газеттерде жарияланады.

2.Контракты баға сатушылар мен сатып алушылар арасында келіссөздер барысында тағайындалатын баға.

3..Жылжымалы баға шарттар өзгерген жағдайда, келіссөздерде белгіленген бағалар қайта қаралады.

4.Өзгермелі баға дайындалатын бұйымдарға сауда мәмілесінде ұзақ уақыт белгіленетін баға, осы бұйымдарды дайындау үшін қажетті уақыт ішінд.

Қорытынды

Нарықтық экономика және нарықтық қатынастар қызметінің негізі ретінде тауар-ақша қатынастары болып табылады. Сондықтан, нарықтық шаруашылықты тауарлық өндірістің дамуындағы оның ең жоғары сатысы ретінде қарастыру қажет. Нарықтық экономика - пайда табуға негізделеді.

Нарықтық экономика кезінде баға сұраныс және үсыныс негізінде құрылады. Сүраныс пен ұсыныстың арақатынасының ауытқуы нарық конъюнктурасының әрекетіне байланысты. Баға көбінесе белгілі география-лық аудандағы өндірілетін тауарға деген нарық қатынастарының қызмет істеу сферасын анықтайды

Қазіргі экономикалық теорияның көзқарасы бойынша баға - құнның ақшалай көрінісі, яғни тауарды өндіруге жұмсаған қоғамға қажетті еңбек. Бағаның дәрежесін, арақатынасын белгілі уақыт ішінде өзгеруінің негізіне құн заңы жатады. Баға әрқашанда қүннан ауытқуда болады. Тауар бағасының қүннан ауытқуының заңдылығы құн заңы бойынша анықталады. Баға мөлшері тауар қүнына тікелей пропорционалды. Тауар-ақша қатынасының негізін қалайтын да - құн заңы.

Құн заңы - ол объективтік экономикалық заң. Қүн заңының атқаратын қызметі - тауар өндірушілердің арасындағы экономикалық қатынасты, байланысты реттеу. Бүл заңның талабы - өндірілген және сатуға арналған тауардың айырбасталуының, сатылуының негізіне сол тауардың құны алынады. Ал қүнның өлшеміне қоғамға қажетті уақыт алынады. Сондықтан да бағаны құнның ақшалай көрінісі дейді. Бағаның мөлшері тауардың құнына тең болады. Құн заңы - бағалар қозғалысының заңы. Бірақ та, баға әрқашанда әр тауар бойынша құнмен бірдей болады деу мүмкін емес. Тауардың айырбас қүны уақыт өткен сайын өзгеріп тұрады. Өйткені бағаға тауардың құны ғана емес, олардың айырбастау шарты, сұраныс, ұсыныс, бағаны мемлекет тарапынан реттеудің тәсілдері, өндіруші мен тұтынушы арасындағы қүнның бөлінуі әсер етеді. Сондықтан да, нарық экономикасы кезінде баға - құнның көрінетін бір пішіні ретінде ғана көзге түседі.

Бағаның нарықтық механизмінің негізгі принципі - ол бағаның өндіріс шығындарын өтеп, шаруашылықты үлғаймалы ұдайы өндіріс принципінде жүргізу үшін пайда табуды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл кезде өнімнің өзіндік қүны - бағаның ең төменгі шегі болып табылады. Егер де баға өзіндік құннан төмен болса, баға өзіндік құнды ақтай алмайды, соның салдарынан көсіпорын банкротқа немесе санацияға ұшырайды, яғни тауар өндіруші өндірісін әрі қарай жалғастыра алмайды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Белгібаев Қ. Экономикалық теория Алматы 2006
  2. Әубәкіров Я. Экономикалық теория Алматы 1997
  3. Нарықтық экономика негіздері
  4. Мәдешев Б. Нарықтық теорияға кіріспе. А. 1995
  5. Оспанов М.Т. Аутов Р.Р., Ертазин З. Агробизнес теориясы мен тәжірибесі. А. 1997
  6. Үмбетов. Кәсіпорын экономикасы. А. 2002
  7. Нысанбаев С.Н. Коммерциялық баға құру. А. 2004
  8. Экономикалық теория негіздері А.. 1998

Похожие материалы