31 қазанда Жерге алып астероид жақын келеді. Оның жылдамдығы секундына 35 шақырымды құрайы. Сондай-ақ, «Кассини» ғарыш зонды 475 мың шақырым қашықтықта Сатурнның F сақинасын суретке түсіріп алды деп хабарлайды vlast.kz.
Аспан денесі «2015 TB145» деген атқа ие болды. Ол Жерден 499 мың шақырым қашықтықта өтеді. Ғалымдардың хабарлауынша, астероидтың диаметрі 280-620 метр көлемде болады және оның Жерге жақындауынан ешқандай зиян болмайды.
НАСА-ның мәлімдеуінше, осыдан соң астероид Жерге 2027 жылдың тамыз айында жақын келеді.
F сақинасы үнемі қозғалыста жүреді. Жаңа түсірілген суреттен ғалымдар сақинаның ерекшеліктерін байқаған. Оң жақта пайда болған шоғырды «клинья», ал сол жақтағы ашық түсті дақты «струи» деп атады. Сатурн сақинасы мұздан, шаңнан тұрады және кеңістіктің экваторлы тегістігі бойынша орналасқан.
«Кассини» ғарыш зонды 1997 жылдың 15 қазанында және 2015 жылдың 15 наурызында Сатурн сақиналарының суреттерін түсірді. Зондтың басты мақсаты - НАСА, Еуропалық ғарыш агенттігі және Итальяндық ғарыш агенттігімен бірігіп жоба жасау.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024