Казкоммерцбанк 2016 жылға қарай жұмыс істемейтін несиелер портфелінің үлесін 10%-ға төмендету туралы талаптарды қайта қарау жөнінде Ұлттық банкпен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы банктің атқарушы директоры Әділ Батырбеков мәлімдеді деп хабарлайды LS.
ККБ бас менеджері банктің реттеуіштен жағдайды жеке тәртіппен қарауды өтінгенін атап өтті. Казкоммерцбанктегі нашар несиелер үлесі 2015 жылдың 1 наурызында 20,9% немесе 471,2 млрд-ты құрады. Интеграция процесі жүріп жатқан БТА Банктегі жұмыс істемейтін несиелері көлемі - 1,833 трлн теңге немесе 85,21%.
"Казкоммерцбанктегі жағдай бөлек. Біз қазір жұмыссыз несиелер саны өте үлкен көрсеткішке жеткен БТА Банкты қосып алу процесінде жүрміз. Сондықтан бұл сұрақты Ұлттық банкпен белсенді түрде талқылап жатырмыз. Реттеуіштен басқа банктерден айырмашылық жасайтын жағдайымызды ескере отыруын өтінеміз", - деді Ә.Батырбеков.
Осы арада RBK Bank-тың жоспарлау және қаржылай сараптама департаментінің директоры Сергей Куряшкиннің сөзінше, осы жылғы экономикалық жағдай Ұлттық Банк NPL үлесін төмендету туралы талап қойған кездегі шарттан әлдеқайда ауырырақ. "Көптеген ірі банктер NPL үлесін бір жылдан кейін 10%-ға дейін төмендету өте қиын тапсырма екенін біледі. Қазақстанның Қаржыгерлер ассоциациясы алаңына осы коэффициентті орындау шартын 2017 жылға дейін кері шегеруді өтінген көптеген хаттар келіп жатыр. Реттеуіш банктердің шағымына оң жауап беруі де мүмкін", - дейді маман.
RBK Bank-те нақтылағандай, қаржы ұйымындағы нашар несиелер үлесі (NPL 90+) 2015 жылдың 6 сәуірінде 2,7% көрсеткіш деңгейінде тіркелген. 2014 жылы бұл шама 2,3% деңгейінде еді.
2015 жылдың басында Қазақстанның Ұлттық Банкі ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру туралы бағдарламаға рұқсат берді. Бұл мәселені шешу үшін 130 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде Казкоммерцбанк, БТА Банк және БТА Ипотекаға 38 млрд теңге берілген. Жоспар бойынша, 12,5 мың борышкерлер үшін ипотекалық несиелер көлемі арзандатылуы керек.
Ә.Батырбековтың түсіндіруінше, борышкерлердің негізгі үлесі Астана мен Алматы қаласына келеді. "Қазақстанның ірі қалаларындағы ипотекалық несие бойынша орташа қарыз көлемі 80-100 мың доллар, өзге аймақтарда 30-50 мың доллар аралығындағы соманы құрайды. Ұлттық Банк бөлген қаржы 2004-2009 жылдар аралығында несие алғандарға жұмсалады. Элиталы пәтер алғандар бұл тізімге кірмейді.", -деп түсіндірді ол.
Еске салайық, 2014 жылдың күзінде 2030 жылға дейін Қазақстанда қаржы секторын дамыту туралы концепция құрылды. Құжаттағы басты мақсаттың бірі - ҚР банктеріндегі жұмыс істемейтін несиелер көлемін азайту. Банктер 2016 жылға дейін NPL үлесін 10%-ға дейін төмендетуі міндетті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024