Одан бөлек, президент "Шеврон" компаниясымен болған келісім туралы да айтты. Ол жылдары КСРО-да мұнай кен орындарын іске қосу үшін жеткілікті білім мен ақша болған жоқ. Алғашқы ірі келісімдердің бірі Теңіз кен орнынан мұнай өндірген "Шеврон" компаниясымен жасалған еді.
"Келісім-шарт жасалған соң Отанымызды сатып жатырмыз деген әңгіме көбейіп кетті. Ананы сатамыз, мынаны сатамыз. Бұл өзін көрсеткісі келген адамдардың негізсіз айтқан әңгімесі. Сонда елді дамыту үшін ақшаны қайдан алуымыз керек еді? Шамамен 300 млрд доллардай ақша тікелей инвестиция ретінде келді. Кредит емес. Яғни, америкалық компаниялар келді де, өз қаржысын бізге салып, өндіре бастады. Міне, осының арқасында Қазақстан дамыды. Олар тек ақша әкелген жоқ, технология да әкелді. Иә, бізде қазба байлығы жетеді. Бұл Қазақстанға не береді? Халыққа ше? Шикізатты шығарып сату керек, ақша жинап, халыққа беру керек. Мәселе - осыда. Адамдарға жұмыс та беру керек", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





