Астана. 3 ақпан. 7kun.kz - Қазақстан Республикасының президенті Ұлттық банктің жұмысына араласқандары жазалау керек деп мәлімдеді.
«Ұлттық банк ауыр болған өткен жылда өте жақсы жұмыс істеді. Банктің алдын-ала тексеруі мен реттей алу мүмкіндігін заң жүзінде бекітуді тапсырдым. Осындай құқық беріп, заң жобасын әзірлеу керек. Сосын Ұлттық банктің жұмысына араласқандарды мемлекеттің қаржы жүйесіне араласқандар деп танып, жазалау керек», - деді президент.
«Ұлттық банк қаржы жүйесін реттеген сайын оның басшысына шабуылдар көбейеді. Мұны осы залда отырған (үкіметтің президент қатысумен өтіп жатқан жиынында отырғандар - ред.) акционерлер мен демеушілер жасайды. Ешкімнен қорықпа, ешкімнен» - деді президент Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевқа қарап.
«Бұған газеттер мен журналистер емес, соның иелері кінәлі. Біз реттеуге кедергі келтіретіндерге шара қолданамыз. Банктер әлсіз. Бар-жоғы 4 банк банктің 80 пайыз акциясын ұстайды, қалғандары 26 пайыз, кейбірінде тіпті 1 пайыз да жоқ. Дағдарыс болған кезде, ірі компаниялар әдетте бірігеді. Біріксін, акционерлер банкін сақтап қалғысы келсе, өз акцияларын ортаға шығарсын. Банкті сақтаудың басқа амалы жоқ. Олар экономикаға керек емес, демек жұмыс істеуіне де қақы жоқ. Дұрыс қой? Міне, ешкімнен қорықпа! Жұмысыңды еркін істей бер! Бәрі заң бойынша, орнымен. Біреу араласса, маған фамилиясын айт», - деді Назарбаев.