Алматы. 30 сәуір. 7kun.kz — 2019 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша елдің жалпы халықаралық резервтері бір жылда 11,8%-ға қысқарып, 27 млрд доллар болды. Бұл ретте алтын 55,5%-ды құрайды: 15 млрд доллар, жылдық өсім 13,8%. Бұл туралы Еenergyprom мәлімдеді.
Қазіргі таңда Қазақстанда 3 аффинаж зауыты жұмыс істейді: Нұр-Сұлтан қаласындағы «Тау-Кен Алтын» («Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясының еншілес кәсіпорны) Өскемен қаласындағы «Қазмырыш» ЖШС драгметалл өндірісі зауыты және Балқаш қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС кәсіпорны.
Мемлекет елдің алтын-валюта қорларын тазартылған алтын құймаларымен толықтыру үшін Қазақстанда өндірілген барлық қымбат металдарды сатып алады. Осылайша, 2018 жылдың 12 айында «Тау-Кен Самұрық» компаниясының жалпы кірісі негізінен ҚР Ұлттық Банкіне тазартылған алтынды сатудан түскен түсімдер есебінен қалыптасты.
2019 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан бойынша құрамында алтыны бар кен өндіру 3,6%-ға 5,3 млн тоннаға дейін артты.
Сондай-ақ, алтын өндірісі артып келеді. Ағымдағы жылдың І тоқсанында 22,7 тонна өңделмеген алтын (жылына+12,6%) және 12,8 тонна тазартылған алтын (жылына+6,6%) өндірілді.
«Тау-Кен Самұрық» басқармасының төрағасы Қанат Құдайбергенов 2017-2018 жылдары елімізде 80 тоннадан астам алтын өндірілгенін, алайда қазақстандық аффинаж зауыттарына 45 тоннасы ғана тиесілі екенін атап өтті.
Қазақстанда өндірілетін алтын кен шикізатын отандық аффинаж зауыттарында қайта өңдеуге бірқатар факторлар кедергі келтіреді. Олардың негізгісі - қуаттардың жетіспеуі: алтын шығаратын фабрикалары бар ірі компаниялар мен онда қайта өңделетін ұсақ компаниялар арасындағы кооперация деңгейін арттыру қажет. Қолданыстағы заңнама проблемаларын де шешу керек.
Айта кетейік, ҚР Ұлттық қорының халықаралық резервтері мен активтері тазартылған алтыннан, металл шоттардағы алтыннан және еркін айырбасталатын шетел валютасындағы (ЕАВ) активтерден тұрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024