Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 601,9 млрд теңгені құрады

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 601,9 млрд теңгені құрады

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2016 жылдың қаңтар-ақпанында 601,9 млрд теңгені құрады, бұл 2015 жылдың қаңтар-ақпанынан 4,1%-ға артық, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі. 

Ведомствоның мәліметінше, 2016 жылғы қаңтар-ақпанда жүк айналымының көлемі 78,6 млрд ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2015 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 0,1% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 40,5 млрд жкм құрап, 1,2% артты.
2016 жылғы қаңтар-ақпанда бөлшек сауда көлемі 985 млрд теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 95,7% құрады (салыстырмалы бағада).
2016 жылғы қаңтар-ақпанда көтерме сауда көлемі 2085,6 млрд теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 93% құрады (салыстырмалы бағада).
2016 жылғы қаңтарда сыртқы сауда айналымы 4319,5 млн АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы каңтармен салыстырғанда 42,3% төмендеді, соның ішінде экспорт – 2752,8 млн АҚШ долларын (42,6% аз), импорт – 1566,7 млн АҚШ долларын құрады (41,6% аз).

Похожие материалы