Германиядан келген миллионер Уильям Ренн Өскеменнің наубайханасында жұмыс істеп жүр. Келгеніне бір апта болып қалған.
Кәсіпкер Қазақстанға "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында келген. Ол жергілікті тұрғындарға өндірісті дамытуға көмектесуге даяр. Өз Отанында Уильям Ренннің жеке наубайханалар желісі бар. Енді ол қазақстандықтарға ақша тауып, бизнесті өркендетуге көмектесуде. "Бұл мен үшін өте қызық жұмыс. Мен адамдарға көмектескенді жақсы көремін. Сіздерде аталған бағдарламаның болғаны қандай жақсы! Мемлекет өз кәсіпорындарына халықаралық сарапшылар келтіріп, ақша төлейді. Мен, өз кезегімде, өндірісті дамытуға бар күшімді саламын. Менің көмегімнің арқасында кәсіпорын кеңейіп, жұмыс орындарының саны артады деп үміттенемін", - дейді миллионер.Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





