Экономика
Выбор редактора
Регионы
Неміс миллионері Қазақстанда жұмыс істеп жүр
Германиядан келген миллионер Уильям Ренн Өскеменнің наубайханасында жұмыс істеп жүр. Келгеніне бір апта болып қалған.
Кәсіпкер Қазақстанға "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында келген. Ол жергілікті тұрғындарға өндірісті дамытуға көмектесуге даяр. Өз Отанында Уильям Ренннің жеке наубайханалар желісі бар. Енді ол қазақстандықтарға ақша тауып, бизнесті өркендетуге көмектесуде.
"Бұл мен үшін өте қызық жұмыс. Мен адамдарға көмектескенді жақсы көремін. Сіздерде аталған бағдарламаның болғаны қандай жақсы! Мемлекет өз кәсіпорындарына халықаралық сарапшылар келтіріп, ақша төлейді. Мен, өз кезегімде, өндірісті дамытуға бар күшімді саламын. Менің көмегімнің арқасында кәсіпорын кеңейіп, жұмыс орындарының саны артады деп үміттенемін", - дейді миллионер.