Екінші деңгейлі банктердің бірінен (белгілі бір себептермен банк атауы жазылған жоқ) несие алдым. 3 ай аралығында төленбей қалып, кейінірек төлемді қайта жалғастырдым. Жақында банк өкілдері хабарласып, мен жұмыс істейтін мектептің де есепшотын жабатындығын айтты. Тек менің жеке шотым ғана емес, әріптестерімнің жалпы мекеменің есепшоты бұғауланбақ. Бұл қаншалықты заңды?
Даулет Тұрсынұлы, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны
Дәулет Тұрсынұлы, банкте жеке адамның несиесінің төленбеуіне байланысты ол жұмыс істейтін мекеменің есеп-шотын жабу құзыры жоқ. Банк тек сіздің жалақы картаңызға шектеу қойып, жалақыңыздың 50 пайызын несие өтемі ретінде алуы мүмкін. Сіздің жағдайда 3 ай ішінде ондай шектеу қойылмаған, сіз 3 айдан кейін төлеуді жалғастырып отырсыз. Бүкіл мекеменің есеп-шотын жабу туралы Заңда қарастырылмаған. Яғни, сізге хабарласқан банк қызметкерінің әрекеті заңсыз. Егер сізде дәлел болса, банк қызметкерінің үстінен жалған ақпаратпен қорқытқаны үшін құқық қорғау органдарына шағымдансаңыз болады.
Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (кредит, проблемалық кредит, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Күрделі мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына, WhatsApp арқылы +7 775 4766145 телефонына жолдауды сұраймыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024