Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Nike компаниясы бауы өздігінен байланатын спорттық аяқ киім шығарды

Nike компаниясы бауы өздігінен байланатын спорттық аяқ киім шығарды

Nike компаниясы Back to the Future фильміндегідей бауы өздігінен байланылатын спорттық аяқ киімді әзірледі. Сатылымға келесі жылы шығады. Бұл туралы pronedra.ru жазды.

Nike Back to the Future фильмінде көрсетілген өшіріп қосуға болатын жарығы бар және бауы өздігінен байланылатын спорттық аяқ киім моделін таныстырды. Компания автоматты түрде бауды байлайтын жүйені өткен жылы потенттеп алған болатын. Жалпы аяқ-киім моделі, 25 жыл бұрын фильм жасаушылар ойлаған фантастикалық гаджеттың толық көшірмесі болып табылады. Nike компаниясы алғашқы аяқ киім жұбын фильмнің басты рөлін ойнаған Майкл Джей Фоксқа сыйлады. Nike Air MAG моделін жыл соңына дейін жаппай өндіреді. Ал сатылымға келесі жылы шығаратын болады. Әзірге моделдің бағасы жарияланған жоқ . Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Adidas компаниясы 3D-спорттық аяқ киім шығарғанын жазған болатынбыз.

Похожие материалы